Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жолшы еңбегі бағаланды
2 мин чтения
Жол шаруашылығында рельс пен шпалда кездесетін ақау салдарынан темір жолда оқыс оқиғалар орын алып жатады. Қызылорда темір жолында өткен шара жол жағдайы мен жолшы еңбегіне баға берді.
Шойын жол бойындағы жылжымалы құрамдардың жолдың талапқа сай болмауынан тосын жағдайға ұшырап кідіруін болдырмау мақсатында, әрі жол күтімін жасайтын жолшылардың, ақаутапқыш арба операторларының жұмысын бақылау мақсатында партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында өткен шарада Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясының жауапты басшыларымен бірге «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева жолшылардың жұмыс орнына барды.
Жыл бойы ауа райының қолайсыздығына қарамастан рельстің техникалық талапқа сай, жол күтімінің бабында болуын қадағалайтын жолшылар мен ақаутапқыш арбашық операторлары өздеріне тиісілі телім бойынша тексеруден өткізуде. Ақаутапқыш арба операторы есту құрылғысы арқылы дыбыстық белгі беруін баяу жүріспен келе жатып мұқият тыңдаса, оның көмекшісі рельстердің қосылған жерін балғамен ұрып, айнамен қарап, рельстерде ақау белгісінің болу ықтималдығын бақылап келеді. Ақауды анықтау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін екен, мәселен зауытта шығарылу кезінде рельстің ішіне ауа кетуі, рельстің болт салатын тесіктерінде ақаулар табылса яғни рельсті төсеу кезінде жолшылардың бекітілген нормаларды қатаң сақтамауы да ақаудың туындауына себепші болады екен.
Жол дистанциясының жолшылары жұмыс барысында жыл басынан бері 12 ақауды анықтап, рельстерді ауыстыру жұмыстарын жүргізгенін, жауапкершілікті күшейтіп, біліктілікті арттыру сынды оқытулар, түсіндірулер, кездесулер өткізу жұмыстың алға жылжуына өз әсерін тигізетінін айтып берді. Ақаулы рельстерді болдырмау жайлы өздерінің ой-пікірі мен ұсыныстарын білдірді.