Жолшы еңбегі бағаланды

Жаңалықтар
29.08.2017, 10:24
Жол шаруашылығында рельс пен шпалда кездесетін  ақау салдарынан темір жолда оқыс оқиғалар орын алып жатады. Қызылорда темір жолында өткен шара жол жағдайы мен жолшы еңбегіне баға берді. Шойын жол бойындағы жылжымалы құрамдардың жолдың талапқа сай болмауынан тосын жағдайға ұшырап кідіруін болдырмау мақсатында, әрі жол күтімін жасайтын жолшылардың, ақаутапқыш арба операторларының жұмысын бақылау мақсатында  партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында өткен шарада Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясының жауапты басшыларымен бірге «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева жолшылардың жұмыс орнына барды. Жыл бойы ауа райының қолайсыздығына қарамастан рельстің техникалық талапқа сай, жол күтімінің бабында болуын қадағалайтын жолшылар мен ақаутапқыш арбашық операторлары өздеріне тиісілі телім бойынша тексеруден өткізуде.  Ақаутапқыш арба операторы есту құрылғысы арқылы дыбыстық белгі беруін баяу жүріспен келе жатып мұқият тыңдаса, оның көмекшісі рельстердің қосылған жерін балғамен ұрып, айнамен қарап, рельстерде ақау белгісінің болу ықтималдығын бақылап келеді.  Ақауды анықтау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін екен, мәселен зауытта шығарылу кезінде рельстің ішіне ауа кетуі, рельстің болт салатын тесіктерінде ақаулар табылса яғни рельсті төсеу кезінде жолшылардың бекітілген нормаларды қатаң сақтамауы да ақаудың туындауына себепші болады екен. Жол дистанциясының жолшылары жұмыс барысында жыл басынан бері 12 ақауды анықтап, рельстерді ауыстыру жұмыстарын жүргізгенін, жауапкершілікті күшейтіп, біліктілікті арттыру сынды оқытулар, түсіндірулер, кездесулер өткізу жұмыстың алға жылжуына өз әсерін тигізетінін айтып берді. Ақаулы рельстерді болдырмау жайлы өздерінің ой-пікірі мен ұсыныстарын білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты