Даңқты теміржолшы құрметіне
Новости
05.09.2017, 18:39
Сырбойылық теміржолшылар арасында Орынбай Жанаділов есімі ерекше құрметпен аталады. Өткен демалыста аймақ темір жолының өркендеуіне, кадр саясатының оң шешілуіне өшпес үлес қосқан тұлғаның құрметіне ерлер арасында волейболдан турнир өтті.
1977-1990 жылдар аралығында Батыс Қазақстан темір жолының Қызылорда бөлімшесін басқарған, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен қоса бірнеше мемлекеттік марапат иегері, құрметті теміржолшы Жанәділовты еске алу мақсатында өткен спорттық шараның ашылу салтанатында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев пен Орынбай Жанаділовтің туыстары атынан Көкшетау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов қатысты. Жанаділовтың көзін көріп, қызметтес болған заандастары, сала ардагерлері естеліктер айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Орынбай Жанаділовпен заманында бірге жұмыс жасаған Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Сейілбек Шаухаманов, теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазбек Рахметов, Рыстай Күрбенов секілді өңірге танымал ардагерлер арнайы шақырылған турнир таңертең басталып, 11 құрама команданың арасында ойын қызып сала берді. Турнирінің екінші ширегінде осалдық танытқандар ығыстырылып жүйріктер алға оза бастады. Көрермендер өз құрама командасына жанкүйер болып, үздік ойын көрсеткен спортшыларға қошемет көрсетіп отырды.
Күн бата мәреге жеткен дүбірлі доданы қорытындылаған қазылар алқасынынң шешімімен «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасынан Арғынғазы Ысқақов марапатталса, «Үздік қабылдаушы» номинациясымен Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД-ГП-10» командасының мүшесі Нұрлан Жайсаңбаев және ойынның «Үздік қабылдаушысы» әрі турнирге қатысқан ең ересек ойыншы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» құрамасынан Ғалымжан Табынбаев марапатталып, жеңімпаздарға жүлделер табыс етілді.
ОЖалпы, оын қорытындысында жүлделі үшінші орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» құрамасы, екінші орынға Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД ГП-10» командасы, ал жүлделі бірінші орынға Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрама командасы лайық деп танылып, арнайы диплом мен кубокқа ие болды. Жүлделі үш орынға да «Қазақстандық салалық теміржол, автомобил, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы атынан ақшалай сыйлық берілді.
Орынбай Жанаділовтың құрметіне өткен турнирдің құрметіне оның ұрпақтары мен туыстары атынан Көкшетау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нұрым Жаниязов «Достар» мейрамханасында даңқты теміржолшыға арнап ас берді.
-Орынбай екеуміз екі салада жұмыс жасадық. Ол кезде мен облыстың әкімдігін басқарсам, Орекең «мемлекет ішіндегі мемлекет» саналған облыстың теміржол бөлімшесінде басшылықта болды. Ол кісі аймақ теміржолы үшін жанын аямай еңбек еткен ерекше жанкешті теміржолшы болды. Мен оның жұмыс жасау, ұйымдастыру әдісін үлгі тұтатынмын. Соңғы жылдары Орекеңнің атын ұлықтау мақсатында спортық жарыстар ұйымдастырып жүрген бөлімше басшылары мен оның ұрпақтарына рахмет айтамын. Өткенді саралай біліп, даңқты теміржолшылардың еңбегін ұлықтау сіздер мен біздерге парыз, өнеге болып табылады,-деген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Сейілбек Шаухаманов Орынбай Жанаділов туралы өнегелі пікір айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова