Даңқты теміржолшы құрметіне 

Жаңалықтар
05.09.2017, 18:39
Сырбойылық теміржолшылар арасында Орынбай Жанаділов есімі  ерекше құрметпен аталады. Өткен демалыста аймақ темір жолының өркендеуіне, кадр саясатының оң шешілуіне өшпес  үлес қосқан тұлғаның құрметіне ерлер арасында волейболдан турнир өтті. 1977-1990 жылдар аралығында Батыс Қазақстан темір жолының Қызылорда бөлімшесін басқарған, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен қоса бірнеше мемлекеттік марапат иегері, құрметті теміржолшы Жанәділовты еске алу мақсатында өткен спорттық шараның  ашылу салтанатында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев пен Орынбай Жанаділовтің туыстары атынан Көкшетау жүк тасымалы бөлімшесінің  директоры Нұрым Жаниязов қатысты. Жанаділовтың көзін көріп, қызметтес болған  заандастары, сала ардагерлері естеліктер айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. Орынбай Жанаділовпен заманында бірге жұмыс жасаған Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Сейілбек Шаухаманов, теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазбек Рахметов, Рыстай Күрбенов секілді өңірге танымал ардагерлер арнайы шақырылған турнир таңертең басталып, 11 құрама команданың арасында ойын қызып сала берді. Турнирінің екінші ширегінде  осалдық танытқандар  ығыстырылып жүйріктер алға оза бастады. Көрермендер өз құрама командасына жанкүйер болып, үздік ойын көрсеткен спортшыларға қошемет көрсетіп отырды.   Күн бата мәреге жеткен дүбірлі доданы қорытындылаған қазылар алқасынынң шешімімен   «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасынан Арғынғазы Ысқақов марапатталса, «Үздік қабылдаушы» номинациясымен Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД-ГП-10» командасының мүшесі Нұрлан Жайсаңбаев және ойынның «Үздік қабылдаушысы» әрі турнирге қатысқан ең ересек ойыншы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» құрамасынан Ғалымжан Табынбаев марапатталып,  жеңімпаздарға жүлделер табыс етілді.   ОЖалпы, оын қорытындысында жүлделі үшінші орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» құрамасы, екінші орынға Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД ГП-10» командасы, ал жүлделі бірінші орынға Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрама командасы лайық деп танылып, арнайы диплом мен  кубокқа ие болды.  Жүлделі үш орынға да «Қазақстандық салалық теміржол, автомобил, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы атынан ақшалай сыйлық берілді. Орынбай Жанаділовтың  құрметіне өткен турнирдің құрметіне оның ұрпақтары мен туыстары атынан  Көкшетау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нұрым Жаниязов  «Достар» мейрамханасында даңқты теміржолшыға арнап ас берді.    -Орынбай екеуміз екі салада жұмыс жасадық. Ол кезде мен облыстың әкімдігін басқарсам, Орекең «мемлекет ішіндегі мемлекет» саналған облыстың теміржол бөлімшесінде басшылықта болды. Ол кісі аймақ теміржолы үшін жанын аямай еңбек еткен ерекше жанкешті теміржолшы  болды. Мен оның жұмыс жасау, ұйымдастыру әдісін үлгі тұтатынмын. Соңғы жылдары Орекеңнің атын ұлықтау мақсатында спортық жарыстар ұйымдастырып жүрген бөлімше басшылары мен оның ұрпақтарына рахмет айтамын. Өткенді саралай біліп, даңқты теміржолшылардың еңбегін ұлықтау сіздер мен біздерге парыз, өнеге болып табылады,-деген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Сейілбек Шаухаманов Орынбай Жанаділов туралы өнегелі пікір айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты