Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Теміржолшы – таңдаулы мамандық
1 мин чтения
Мамандық таңдау – адамның тағдыр таңдауы. Өйткені мамандықты таңдауда жаңылыспаған жан, еңбегінің зейнетін көреді. Ал теміржолшы –қашан да сұранысқа ие мамандық.
Осы мамандыққа жастарды тарту мақсатында «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Құлсары қаласындағы №13 мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының мұрындық болуымен өткен шараға «Теміржолшы Құлсары» және «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымдары атсалысты. Оқушыларға Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясына саяхат ұйымдастырылып, мекемесінің тарихынан бастап, техникалық құрылғылармен жұмыс жасау, мамандардың атқаратын жұмысы, мақсаты толықтай таныстырылды.
Ад Құлсары жол дистанциясында өткен саяхат одан да қызық болды. Жолшылар өз кәсіптеріне байланысты қызықты оқиғаларды айтып, темір тәртіпті салада жұмыс жасаудың жауапкершілігін, сайып келгенде саладағы қозғалыс қауіпсіздігі барлық маманның ортақ міндеті екені сөз болды. Бұдан басқа Атырау вагон пайдалану депосы, Құлсары техникалық қызмет көрсету пунктін аралаған мектеп оқушылары теміржолшы мамандығының әліппесін ашқандарына риза болып, ағаларына алғыстарын жаудырды.