Еңбекпен келген абырой

Новости
15.09.2017, 10:37
Болат жолдың бойында тер төгіп жүрген еңбек адамының  қай қайсысы да құрметке лайық.  Елу жылға жуық шойын жолдың ыстығы мен суығын қатар көріп, бүгінде осы саланың кәсіби майталманы болып танылған  Жанат Қадырұлы абырой да, даңқ та адал еңбек еткенде дейді. Ардагер теміржолшы мұны жайдан жай айтып отырмаса керек, өзінің көп жылғы тәжірибесінде көз жеткізген шындығы.  Еңбек жолын 1976 жылы ВЧД-24 Аягөз вагон пайдалану депосында жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь болып бастаған  Жанат Байзақов вагон шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша жоғары білім алып, бір орында табан аудармай жарты ғасырға жуық еңбек етті. Алғашқы жылдары, бас-аяғы 4-5 жылдың ішінде білікті маман ретінде танылып үлгерді. Соның арқасында қызмет барысында тез өсті.  Вагон қараушы, бригадир, депоның вагон жөндеу жөніндегі аға шебері, өндірістік нұсқаушы, ТКБ (техникалық күтім бекеті) бастығы... осылай, қызмет сатысымен жоғарылай берді.  Күні бүгінге  дейін Аягөз вагондарға техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қабылдаушысы болып тер төгіп келеді. Табиғатынан іскер, ізденімпаз, ерекше ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында қай кезде де көргені құрмет, арқалағаны абырой болды десек қателеспейміз. 2002 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталса,  биыл ұзақ жылғы адал еңбегінің өтеуі саланың жоғары марапаты «Құрметті теміржолшы» белгісін төсіне тақты.  Семей жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев Жанат Қадырұлына «Құрметті теміржолшы» белгісін тапсырып тұрып, кәсіби вагоншыға абыройыңыз аласармасын деп тілек білдірді. Айта кетейік, Жанат Қадырұлы Аягөз өңіріне танылған атақты Байзақовтар династиясының өкілі.  Әкесі Қадыр,  егіздің сыңары Марат, ағасы Серікболат Байзақовтар саналы ғұмырларын сүйікті істері темір жол саласына, оның ішінде вагон шаруашылығына арнаған азаматтар. Әкеден балаға жалғасқан вагоншылар әулетінің осы саладағы жалпы еңбек өтілі  160 жылды құрайды екен.  

Ерлан Ғазез, Семей-Аягөз

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова