Жездінің жарқын ертеңі

Новости
19.09.2017, 11:24
 Қаныштай ғалымның көзіндей болған кенді өлкенің тоқырау жылдарында дамуы тұйықталып қалғанымен, теміржолмен екінші тынысы ашылғалы мұнда оң өзгерістердің орын алып жатқаны қуантады. Оған Жездіге барған сапарымызда куә болдық.     Жезқазғанның темір жолын күтіп-баптап отырған Жаңарқа жол дистанциясы директорының орынбасары Сәбит Ахметбаевтың айтуынша, станцияның 6 жолы мен 33 бағыттама бұрмасы толығымен жаңартылып, Р50 рельсі Р65-ке ауыстырылған. Бұл жан-жақты бағыттары көбейген станция жолдарының жарамдылық деңгейін жақсартып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге ықпал еткені рас. Жалпы 9 айналымы бар дистанцияның №19 айналымындағы 4 бригадир мен 7 жолшы Жезқазған станциясының жолын қысы-жазы күтімде ұстап отыр. Механикалық шеберханада 2 КАМАЗ, 1 УАЗ және 2 қар тазалайтын техника бар. –Айналымның станция бойынша қызмет көрсету аумағы 396 км басталып, 421 км дейінгі аралықты қамтиды. Дистанция бойынша қазіргі таңда Қызылжар – Түйемойнақ телімінде «Жол жөндеуші» ЖШС-нің мердігерлік етуімен күрделі жөндеу жүргізілуде, – дейді С. Ахметбаев.        Ал Жаңарқа белгі беру және байланыс дистанциясы директорының СОБ бойынша орынбасары Ғалым Балтабаев Жезқазған – Бейнеу жаңа жолы ашылғалы дистанцияның мұндағы цехтары көбейгенін айтады. Бүгінде мұнда байланыстың 6 түрі бойынша цехтар жұмыс істеп, онда 50 адам еңбек етуде екен. –Жезқазған мен Қоскөл арасында 8 бекет пен 4 станция іске қосылды. Бұрын байланыс үйі болған ғимаратты жөндеп, қасынан вахталық әдіспен жұмыс істейтін теміржолшылар үшін жатақхана жасадық. Ал тек теміржол қосындары орналасқан бекеттерде байланысшылар үшін демалыс орын қарастырылған. Ол жаққа 15 күннен вахталық әдіспен жұмысқа барып келеді. Жалпы қызмет көрсету аумағымыз бұрынғыдан 80 пайызға көбейді, – дейді Ғ. Балтабаев.    Бүгінде станцияда қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан бағыттама бұрмалар уақытша қолмен басқарылуда екен.  Станция кезекшісі тек рация арқылы байланысқа шыға отырып, бір-бірін бақылау жасап отырады. Теміржолшыларға қиындық келтіріп жатқан бұл кемшілік биыл жыл соңына дейін  шешілмек. Жаңадан бой көтерген ЭО қосыны іске қосылса, барлық жұмыс компьютермен басқарылатын болады. Қызметкерлердің 80 пайызы жастар,   арнайы білім алған оларды мекеме өздері үйретіп, қосымша жетілдіру курстарына жіберуде екен.     Жезқазғанның басынан жаңа электрмен жабдықтау дистанциясының ашылғанына бір жылдай болыпты. Дистанция директорының орынбасары Мәди Түсіпбаев станцияда бұрын тек электрмен жабдықтау ауданы ғана болғанын айтады. Жаңа дистанцияда қызмет ететін 164 адам 1200 км аумақтың электрмен жабдықталуына жауапты. Мекемеге қарасты 8 подстанса мен 5 РЭС бар бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр.      «Вокзал сервис» қоғамынан Қарағанды магистральдық желі дирекциясы қарамағына өткен Жезқазған вокзалының бастығы  Ләззат Алтаева жаңа жол ашылғалы бергі ғаламат жаңалықтар бұл станцияда бұрын-соңды болмағанын жеткізді. Бүгінде вокзалда 4 касса жұмыс істесе, содан күніне 600-700 адам билет алады екен. Ал бұрын ол бар болғаны 200-300 болған.  –Екі вокзал кезекшісі, анықтама беретін екі кезекші-диктор, басқа да қызметкерлерімізді қосқанда барлығы 8 адам жұмыс істейміз. Штатымыз жаңа пойыздардың ашылуына орай артады деп жоспарлануда, – дейді вокзал бастығы. Жездінің халқы жаңа жол ашылып, пойыз көбейгеніне қуанышты. Жезқазғанда тіршілік қайта жанданып, жұмыс та көбейген.  –Бүгінде халық арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз. Егер сұраныс болатын болса, күндізгі уақытқа тағы бір Жезқазған – Қарағанды – Астана деген пойыз шығару көзделуде. Қазірде бізден Жезқазған – Балқаш, Жезқазған – Алматы бағытына пойыздар жүреді. Вокзал ішінде электронды кезек,  терминал жұмыс істейді. Биыл перрон жөнделді. Өтетін жолдар халыққа ыңғайланып салынуда, – дейді Ләззат Алтаева. Шөлді аймаққа тартылған Жезқазған – Бейнеу теміржолының арқасында осындай орасан жаңалықтар орын алып жатқан өлкедегі ілкімді істердің бірсыпырасы міне, осындай.  

Райхан РАХМЕТОВА, Жезқазған – Астана  

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова