Жездінің жарқын ертеңі
Жаңалықтар
19.09.2017, 11:24
Қаныштай ғалымның көзіндей болған кенді өлкенің тоқырау жылдарында дамуы тұйықталып қалғанымен, теміржолмен екінші тынысы ашылғалы мұнда оң өзгерістердің орын алып жатқаны қуантады. Оған Жездіге барған сапарымызда куә болдық.
Жезқазғанның темір жолын күтіп-баптап отырған Жаңарқа жол дистанциясы директорының орынбасары Сәбит Ахметбаевтың айтуынша, станцияның 6 жолы мен 33 бағыттама бұрмасы толығымен жаңартылып, Р50 рельсі Р65-ке ауыстырылған. Бұл жан-жақты бағыттары көбейген станция жолдарының жарамдылық деңгейін жақсартып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге ықпал еткені рас. Жалпы 9 айналымы бар дистанцияның №19 айналымындағы 4 бригадир мен 7 жолшы Жезқазған станциясының жолын қысы-жазы күтімде ұстап отыр. Механикалық шеберханада 2 КАМАЗ, 1 УАЗ және 2 қар тазалайтын техника бар.
–Айналымның станция бойынша қызмет көрсету аумағы 396 км басталып, 421 км дейінгі аралықты қамтиды. Дистанция бойынша қазіргі таңда Қызылжар – Түйемойнақ телімінде «Жол жөндеуші» ЖШС-нің мердігерлік етуімен күрделі жөндеу жүргізілуде, – дейді С. Ахметбаев.
Ал Жаңарқа белгі беру және байланыс дистанциясы директорының СОБ бойынша орынбасары Ғалым Балтабаев Жезқазған – Бейнеу жаңа жолы ашылғалы дистанцияның мұндағы цехтары көбейгенін айтады. Бүгінде мұнда байланыстың 6 түрі бойынша цехтар жұмыс істеп, онда 50 адам еңбек етуде екен.
–Жезқазған мен Қоскөл арасында 8 бекет пен 4 станция іске қосылды. Бұрын байланыс үйі болған ғимаратты жөндеп, қасынан вахталық әдіспен жұмыс істейтін теміржолшылар үшін жатақхана жасадық. Ал тек теміржол қосындары орналасқан бекеттерде байланысшылар үшін демалыс орын қарастырылған. Ол жаққа 15 күннен вахталық әдіспен жұмысқа барып келеді. Жалпы қызмет көрсету аумағымыз бұрынғыдан 80 пайызға көбейді, – дейді Ғ. Балтабаев.
Бүгінде станцияда қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан бағыттама бұрмалар уақытша қолмен басқарылуда екен. Станция кезекшісі тек рация арқылы байланысқа шыға отырып, бір-бірін бақылау жасап отырады. Теміржолшыларға қиындық келтіріп жатқан бұл кемшілік биыл жыл соңына дейін шешілмек. Жаңадан бой көтерген ЭО қосыны іске қосылса, барлық жұмыс компьютермен басқарылатын болады. Қызметкерлердің 80 пайызы жастар, арнайы білім алған оларды мекеме өздері үйретіп, қосымша жетілдіру курстарына жіберуде екен.
Жезқазғанның басынан жаңа электрмен жабдықтау дистанциясының ашылғанына бір жылдай болыпты. Дистанция директорының орынбасары Мәди Түсіпбаев станцияда бұрын тек электрмен жабдықтау ауданы ғана болғанын айтады. Жаңа дистанцияда қызмет ететін 164 адам 1200 км аумақтың электрмен жабдықталуына жауапты. Мекемеге қарасты 8 подстанса мен 5 РЭС бар бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр.
«Вокзал сервис» қоғамынан Қарағанды магистральдық желі дирекциясы қарамағына өткен Жезқазған вокзалының бастығы Ләззат Алтаева жаңа жол ашылғалы бергі ғаламат жаңалықтар бұл станцияда бұрын-соңды болмағанын жеткізді. Бүгінде вокзалда 4 касса жұмыс істесе, содан күніне 600-700 адам билет алады екен. Ал бұрын ол бар болғаны 200-300 болған.
–Екі вокзал кезекшісі, анықтама беретін екі кезекші-диктор, басқа да қызметкерлерімізді қосқанда барлығы 8 адам жұмыс істейміз. Штатымыз жаңа пойыздардың ашылуына орай артады деп жоспарлануда, – дейді вокзал бастығы.
Жездінің халқы жаңа жол ашылып, пойыз көбейгеніне қуанышты. Жезқазғанда тіршілік қайта жанданып, жұмыс та көбейген.
–Бүгінде халық арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз. Егер сұраныс болатын болса, күндізгі уақытқа тағы бір Жезқазған – Қарағанды – Астана деген пойыз шығару көзделуде. Қазірде бізден Жезқазған – Балқаш, Жезқазған – Алматы бағытына пойыздар жүреді. Вокзал ішінде электронды кезек, терминал жұмыс істейді. Биыл перрон жөнделді. Өтетін жолдар халыққа ыңғайланып салынуда, – дейді Ләззат Алтаева.
Шөлді аймаққа тартылған Жезқазған – Бейнеу теміржолының арқасында осындай орасан жаңалықтар орын алып жатқан өлкедегі ілкімді істердің бірсыпырасы міне, осындай.
Райхан РАХМЕТОВА, Жезқазған – Астана
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты