Маржан БАКИЕВА
Апаттың алдын алды
1 мин чтения
Алматы – Отар телімінде локомотив бригадасының шұғыл әрі сауатты әрекет етуінің арқасында пойыз бен жолаушылар автобусының соқтығысып қалу оқиғасының алды алынды.
Оқиға былай болыпты. 12 қазан күні Алматы жол бөлімшесіне қарасты Шамалған станциясы жолында шлагбаум бар өткелде дыбыстық және түсті белгі беру құралдарының жұмыс істеп тұрғанына қарамастан Алматы – Қаскелең бағытымен келе жатқан жолаушылар лық толы мінген автобус жүргізушісі пойыздың келе жатқанына қарамастан және де пойыз машинистері қанша белгі берсе де, тоқтамай өтпеден өтіп кетуге әрекеттенген.
–Жолда өтпеге жақын қалған автобусты көріп, дыбыстық белгі беруді тоқтатпадым. Алайда, автобус жүргізушісіне бұл белгім әсер етпесе керек. Жүргізуші тоқтамай жүре берді. Сол кезде мен дереу шешім қабылдап, шұғыл тежегішті бастым. Бүкіл құрам тоқтап қалатындай жылдамдық төмендеді. Соның арқасында өтпеге жақындап қалған автобусқа 500 метрдей қашықтық қалғанда тоқтап үлгердік, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Алматы локомотив пайдалану депосының машинисі Жанат Құлдаров.
Бөлімше басшылығының бағамдауынша, локомотив бригадасы бұл жағдайда өте сауатты әрекет жасаған. Машинист пен оның көмекшісінің кәсібилігінің арқасында үлкен ауыр қазаға әкелетін қайғылы оқиғаға жол берілмей, бір автобус адам аман қалды.