Жәмила ТАТИЕВА
Қазақ тілінің болашағы – латын әліпбиінде
2 мин чтения
Таяуда М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында латын әліпбиіне көшу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл басқосуда тіл мамандары мен оқытушылар латын әліпбиіне көшу жайын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Мамандар Елбасының мақаласында Қазақстанның жарқын болашағы үшін қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі маңызды екеніне басымдық бергенін, тілдің лексикологиялық және терминологиялық жағынан кезең-кезеңмен өтуге қоғамның дайын екендігін айтса, студенттер бұл шешімді қолдайтындарын білдірді.
–Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен біріге түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап көрсетті. Еліміздің әлемдік аренада ойып орын алуы үшін осы латын әліпбиіне көшкеніміз дұрыс деп ойлаймын. Елбасымыздың жаһандану өркениетіне қарай басқан қадамын құптаймын, латын әліпбиіне көшу бүгінгі жаңа технологияларға тиімді. ҚазККА-ның студенттері де Елбасының бұл бағдарламасын қолдайды,– деді жиында баяндама жасаған академия студенті Тәттігүл Мендешканова.