Әзіл мен қалжың жарасып...
Новости
20.10.2017, 11:05
Теміржол өз алдына үлкен сала. Мемлекет ішіндегі мемлекет. Сондықтан, 160 мыңнан астам қызметкері бар бұл салада өз қызықтары мен шыжықтары жетерлік. Батыс өңірдің жас теміржолшылары бас қосқан Көңілділер мен тапқырлар клубының кезекті ойынында жолсерік, вагон қараушы, вокзал диспетчері, т.б. жұмысынан қызықты жайттар сахналанды.
Маңғыстау, Атырау, Орал, Илецк және Ақтөбе ойыншылары үш бөлім бойынша бақтарын сынады. Өздерін таныстырды. Дайындап әкелген нөмірлерін ұсынды. Сұрақтарға жауап іздеді. Шамамен екі сағатқа созылған сайыста олар би биледі, ән салды, қызықты көріністер жасап, әзіл мен қалжыңнан езу жиғызған жоқ. Күлкіге қарық болған теміржолшылар әр әзілден өзін таныды деуге болады.
Көңілділер мен тапқырлар ойындарындағы бірнеше эпизодқа тоқталып өтсек, түнгі клубтағы ди-джейдің вагон қараушы болып, доңғалақтарды ұрып жүргені өте сәтті шыққан көрініс болды. Балға тиген әр доңғалақтың сыңғырын ди-джей өзінше түсініп әлек.
Жолсерік арқылы хат-хабар беріп жіберу арамызда бар. Күтіп алуға шыққан жас жігіттің адасып, қай вагоннан не алу керегін білмей дал болғаны, ал жолсеріктердің қай посылканы кімге берерін білмей сасқаны да көрерменнің езуіне күлкі үйіріп, бас шайқатты. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген, жолсеріктер осыдан сабақ алса кәне...
Спорттық додаларға бәстесіп, тепловозды тігіп жіберген депо басшысы, қарамағындағыларды қалай қысқаны, жұмыс басын тексеруге келген комиссияның әрекеті де қызықты болды.
Ойыншылар теміржол бойында еңбек ететіндердің, рельс төсеп, тепловоз жүргізетіндердің ң дені ер-азаматтар екенін еске салды. Сонымен қатар, «команда беруді» жақсы көретін әйелдер образы да көрініс тауып, күлкіге қарық қылды.
Романтик машинист сүйіктісін тепловозбен қыдыртпақ болғаны, жолсерік құдаларды бірінші купеге, нағашылары мен жиендерін келесі орындарға жайғастырғаны, машинистің жүйкесіне тиген екі бағдаршамның қызылды-жасылды болып, кезектесіп жанғаны да теміржолшы жастардың фантазиясы осал еместігін көрсетті.
Айта берсең, езу тартқызар астарлы әзілдер көп... Атыраулықтар Экспо көрмесінің арқасында Тұлпар-Тальго мініпті. Өсекқұмар диспетчер вокзал рациясы арқылы құрбыларының бірінің аяғы ауыр екенін хабарлап қояды, т.т.
Ойыншылар қазылар алқасын «сатып алмақ» та болды. Маңғыстау ойыншылары оларға иісін бұрқыратып ет асып әкеліп берді. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Амантайұлын «бопсалағандар» да болды. Жас кезінде ойыншылардың бірінің әкесімен дос болған НОД мырзаға қатысты компромат видео да «бар болып шықты». Бір ұпай немесе видео жарияланып кетуі мүмкін деп ескертті әзілкештер. Илецк әзілкештері өздерін қонақ санап, қазақ халқының қонақжайлылығын еске салып, бір ұпай артық беруді талап етті...
Қысқасы, екі сағатқа созылған әзіл әлемі баршаны риза етті. Ойыншыларға қошемет көрсеткен көпшілік ду қол соғып сүйікті топтарын қолдап отырды. мұнымен тоқтамақ емес.
Қазылар алқасы батыс аймақ бойынша үнемі екінші орында келе жатқан ақтөбелік әзілкештерді бұл жолы үздік деп танып, Астанада өтетін ақтық сынға жолдама берді. Ендігі қызық Елордада жалғаспақ.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова