Кезекті баспасөзге жазылу науқаны. Теміржолшылардың тыныс-тіршілігінің айнасына айналған "Қазақстан теміржолшысы" газетіне жазылу жүргізіліп жатыр.   Басылым арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі темір жол жаңалықтарымен  танысып отыратын теміржолшылар биыл да төл газеттеріне қолдау білдіруде. «Біз, маңғыстаулық бір топ вагон қараушы жастар, барлық әріптестерімізді бір кісідей «Қазақстан теміржолшысы» газетіне жазылуға шақырамыз. Теміржолға келген әр жастың алғашқы күннен бастап ақылшы «ұстазына», сенімді «әріптесіне» айналатын басылымның 85 жылдан астам тарихы бар. Қазақстан темір жолының өн бойындағы  ақпараттардың жаршысы,  жылт еткен жаңалықты жібермей жалпақ жұртқа таныстырып отырған салалық басылымның бетінен біз өзімізді көреміз, замандастарымызды танимыз. Газет арқылы жастар жиынында сырласып, газет бетінде тәжірибе алмасамыз, аға буыннан үйренеміз, оқимыз, тоқимыз. Біз, өз болашағын темір жолмен байланыстырған әрбір жан төл газетіне жазылуы қажет деп санаймыз, себебі бұл сіз бен бізге арналған басылым. Теміржолшылардың жырын жырлап, мұңын мұңдайтын басқа емес, тек төл басылымы.  Сондықтан баршаңызды өз газетімізге жазылуға шақырамыз!» деп хат жолдапты түбек теміржолынан бір топ вагон қараушылар.