Қызылорда өңірі бойынша өткізілген «Өнегелі отбасы – рухани жаңғырудың өзегі»  байқауына  бақ сынаған Таймбетовтер отбасы жеңіс тұғырына көтерілді. «Өнегелі отбасы» номинациясын жеңіп алып теміржолшылар мерейін үстем еткен отбасы  дүбірлі сайысқа «Теміржол» партия филиалы атынан қатысты. «Жолаушылар вагондарын жөндеу» мекемесінде еңбек ететін теміржолшы отбасын мекеме басшысы Алтынбек Сембиев құттықтады.   Сайыспен қатар мұнда мекемелердегі бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары да сараланып жүлдегерлер анықталды. Мәселен, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңіне сәйкес, ІІ санат бойынша 1-орынды Қызылорда «Теміржол» партия филиалынан Ибраким Басықараев төрағасы болып табылатын «Қызылорда магистральдық желі» бөлімшесінің бастауыш ұйымы иеленсе,  ІІ орынды Шайжан Марат төрағалық жасайтын «Теміржолсу-Қызылорда» БПҰ жеңіп алды. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда