Қауіпсіздікте «ұсақ-түйек» мәселе жоқ

Новости
22.07.2016, 16:46
Оңтүстікте +40, +43 градус ыстық болып жатыр. Аптап ыстықтың әсерінен теміржолшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жіті мән берілуде. Түркістан станциясында мамырдың 20-нан маусымның 20 аралығында өткен «Өндірістік жарақаттың алдын алу ережесі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау» айлығы оң нәтиже берді. Мысалы, Арыс станциясында жұмысын атқарып жатқан пойыз құрастырушысы Н.Бектеміров өзін жайсыз сезініп,  бірден денсаулығы төмендеген. Бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң маман өз-өзіне келген. Ал ауруды елемей жүре беретіндер немесе басшылықтың немқұрайлылығы кесірінен  орын алып жатқан қайғылы оқиғалар қаншама... Айлықтың мақсаты – өндірісте осындай жайттардың алдын алып, күннің ыстығында жұмыс істеу ережелерінің орындалуын қадағалау.  – Әркім өз денсаулығына жауапты болу керек. Еңбек қауіпсіздігінің сақталуы айлықтан тыс уақытта да жиі қайталанады. Бұл отыз күн бойы инженерлік-техникалық мамандар бірігіп, күннің асты мен желдің өтінде тер төгетін әріптестеріміздің тірлігін бақыладық. Ол үшін арнайы жоспар құрылып, комиссия мүшелері тағайындалды. Станцияның барлық жұмысшыларымен жоспарсыз нұсқаулықтар өткізілді. Жиында, кеңесте техникалық сабақта, жұмыс орындарында айлықтың мақсаты түсіндірілді. Еңбек өтіліне бір жыл ғана толған жас мамандар бірінші назарға ілініп, олармен қосымша сабақтар жүріп, ай бойына 120 маманның қатысуымен 3 рет жиын ұйымдастырылды, – дейді Түркістан станциясының еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева.   Темір жолда қателік аяқ астынан орын алуы мүмкін. Сондықтан теміржолшылар әр кез сақ жүруі үшін қосындарда аншлактар ілініп, «Бұл қайталанбауға тиіс!» деген айдармен, өткен жылғы қайғылы  оқиғалардың себебі жазылған парақшалар ілінген. Әр маман бір қарап өтсе де, өндірісте есіне ала жүреді.   Еңбек қорғау инженерінің айтуынша, айлықты бақылауға құрылған коммиссия мүшелері пойыз құрастырушылар мен вагон жылдамдығын реттеушілерінің жұмыс орындары мен қосындарын жан-жақты тексерген. Ауысымға түсерде мамандардың медициналық тексеруден өтуі, мәселен, диспансерлік тізімде тұратындар мен гипертония және жүрек қан-тамыр ауруымен сырқаттанғандардың денсаулығы қадағаланған. Бір ай бойында 11 рет комиссиялық тексеру жүргенде бірқатар кемшіліктердің беті ашылыпты.  Жұмыс паркіндегі вагондардың қозғалатын тұсындағы 16,17,18 бағаналардағы жарықтың нашарлығы назарға алынып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының басшылығына қалпына келтіру үшін хат жіберілген. Басшылар контейнерлі алаңда аға жүк қабылдап-жөнелтуші  Ш. Әлібековтің жұмыс барысында белгі беру желеткасын кимей жүргенінің үстінен түскен. Бірнеше кеңселерде электр желілері ескіргендіктен, қысқа уақытта оларды жаңалауды басшылық қатаң бұйырыпты. Себебі, өрт осындайдан шығады. Сондай-ақ, шағын қосындарда қол жуғыштардың өзі талап үдесінен шықпаған.   Бұдан өзге жұмыс барысында бірнеше теміржолшының қызметтік куәліктерінсіз жүргені анықталған. Станцияның солтүстік алқымындағы МП-2 қосынында 2 прожектордың жанбауы, 500 Вт шамның күйіп кеткені көзге шалынған. Жылжымалы құрамның нөмірлерін сегізінші жолда белгілеп жүрген оператор Нұғмановтың 7-ші жолда тұрған вагоннан қарғып түскенін аңғарып қалып, оған сөгіс берген. Тексере келе МП-2 қосынында тежегіш башмақтардың біріне жөндеу жүргізу де тапсырылған. Оған қоса теміржолшыларға сақтық үшін жазылған «Сені үйіңде күтіп отыр!», «Вагонның арасынан өтпе!» деген сынды аншлактарды алыстан көзге шалынайтындай етіп, көрнекілеп, қайта сырлап қою тапсырылған. Өрт қауіпсіздігін сақтайтын жәшікті құммен толтыру, душ бөлмесіне жөндеу жүргізу, солтүстік алқымдағы жаяу жүргіншілер көпірінің нашарлығы мен техникалық кеңсенің үш жерінде сөніп қалған шамға дейін «қара тізімге» ілігіпті. Кейбір қосындарда дәліздердің жарықтандырылмағаны, ас ішетін бөлмедегі тазалықтың кемдігі, сығырайған шамға дейін жіті қаралыпты. Ләззат Рысбаеваның айтуынша, жұмыста кездесетін қиындықтардың алдын алу үшін мамандар кез-келген өндірістік сауалға жауап беруі тиіс. Бұл ретте кейбіреулерінің жауаптары көңіл көншітпеген. Қарапайым қағиданың өзін жаттап жүру де қауіптің алдын алатын «құрал» екенін басшылар тағы да қайталап айтуға мәжбүр болған. Ауырып қалған жағдайда маманға алғашқы көмек көрсету үшін медициналық шағын қорапшаның ішіне қажетті дәрі-дәрмек пен дәке, йод, т.т. керек-жарақты толтырып қоюға дейін айтылыпты. Қысқасы, қауіпсіздік мәселесінде ұсақ-түйек  деген жоқ екенін дәлелдеген түркістандық басшылар, осылай бір айда еңбек ұжымын ширатып алғанға ұқсайды. Айлық қорытындысында тәртіптік жауапкершілікке он маман тартылып, бірі қатаң сөгіс алса, үшеуі сөгіс, алтауына ескерту берілген.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Новости
25.08.2026
Железнодорожница из Курорт-Борового отметила 100-летний юбилей
Новости
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных
Регионы
25.08.2026
Узловое совещание прошло в Уральске
Новости
25.08.2026
Реконструкция 72 железнодорожных вокзалов завершена в Казахстане
Новости / Архив
25.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №67 от 25 августа 2026 года
КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек