Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Қара алтын – сұранысқа сай
1 мин чтения
Ақтөбеде жергілікті билік ҚТЖ филиалдарымен қыс мезгіліне дайындық аясында бірлесе жұмыс жасап жатыр. Бүгінде "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ арқылы станциялардағы вагон қозғалысы толық бақыланып отыр екен.
-Біз «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және көмір шахталарымен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз. Өңірдің аталмыш отынға сұранысын толығымен қамтамасыз ету үшін вагондардың қайсысы жолда, қайсысы жөнелтілуде екенін бақылап отырамыз», – деді облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.
Таяуда облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жанар-жағар май мен көмірдің бағасын реттеуді тапсырған болатын. Әкімнің қатысуымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының елді мекендерін мұнай өнімдері және көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдарға инженерлік коммуникацияларды тарту бойынша жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Серік Төленбергеновтің айтуынша, көмір сұранысқа сай жеткізілуде. Облыстың барлық әлеуметтік нысандары көмірмен толықтай қамтамасыз етілген және қорға 38,5 мың тонна көмір сақталған. Халықтың көмірге сұранысы 49 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 13 мың тонна көмір жеткізіліп болды, жақын арада тағы да 41 вагон әкелінуі тиіс. Аймақта қатты отынды өткізумен айналысатын 12 теміржол тұйығы бар.