Біз разъезде өскенбіз...
Новости
01.11.2017, 17:23
«Разъезде өскен балалардың дені – теміржолшы мамандығын таңдауында бір заңдылық бар сияқты. Көзімізді ашып көргеніміз теміржол тірлігі, әке-шешеміз, ағайын-туысымыз түгел теміржолшылар болған соң, осы жолды жалғастыру бізге аманаттай», деп сыр шертті бірде біздің кейіпкеріміз Ботакөз Үкібаева.
Отыз жылға жуықтапты Бірлік станциясында станция кезекшісі болып еңбек етіп келе жатқалы. Ерте тұрмыс құрған Бөтакөз еңбек жолын 1978 жылы Шу жол дистанциясында жолшы-монтер болып бастаған екен. Жұмыс істеп жүріп Алматы теміржол техникумын сырттай оқып бітіріп, пойыздар қозғалысын реттеуші мамандығын алған соң Бірлік станциясына ауысып, міне 27 жыл, осы станцияда станция кезекшісі.
– Ел әлеуетін арттырып отырған саланың өз қиындығы мен қызығы да бар. Өзім теміржолшылар әулетінен шыққан соң бұл мамандықтың қыр-сырын толық игердім деп айта аламын. Нәпақамызды осы саладан айырып, бала-шағаны асырап отырған соң жұмыстың тек өнімді болуын, адал еңбек етуді ойлайсың. Қолымдағы ұлым Талғат та теміржолшы. Білімі – жоғары. Шудағы ПЧМ мекемесінде RМ-80 жол жөндеу техникасының машинист көмекшісі болып еңбек етеді. Оның да көргені біз болған соң кәсібіне тез төселгені қуантады. Бүгін сол еңбегінің жемісін де көріп отыр. Қазір төрт немерем бар. Келінім баламен үйде отыр, дегенмен ол да жоғары білімді теміржолшы, болашақта қайта еңбекке араласады, жұмыс жасаймын, жаным қалаған, оқыған мамандығымды игерем деп отырған жанға неге кедергі болуымыз керек, – дейді Ботакөз Жұмағазықызы.
Кейіпкеріміз еңбек ететін Бірлік станциясы үш бағытқа қызмет көрсетеді, яғни –Мойынты, Отар, Шу станциялары бағытында пойыздар жіберіп, маневр жұмыстарын реттеп отыр. Ботакөз Шу өңіріне белгілі теміржолшылар әулетінің өкілі болған соң бәрі таниды, Жұмекеңнің қызы деп сыйлайды. Әкесі Жұмағазы Кукузов салаға 45 жыл еңбегі сіңген жан. Ботакөздің бауырлары Асқар, Мұрат, Серік, Асан және сіңлілері Қаракөз бен Айгүл де әке жолын жалғастырып теміржолдың әр саласында тер төгуде.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасы. Бірде кезекшіліктен қайтқан Ботакөз бір қызық жайтқа куә болғаны бар. Пойыз құрастырушы Павленко да, марқұм Серік деген жолшы бар әдеттегідей үйге қайтып бара жатып жол бойында жатқан «бөтен затты» көздері шалып, сөмкені кезекшілікке әкеліп тастайды. Ботакөз келесі кезекшілікке келгенде жұмыс алдында полиция қызметкері мен бейтаныс әйел адам күтіп тұрады. Олар зат іздеп жүргендері белгілі болады. Ал Ботакөз осыдан екі-үш күн бұрын жол бойынан сөмке тауып алып, ол сөмке қазір кезекші бөлмесінде тұрғанын айтады. Кейін сөмкеде кәдімгі буылған будақ-будақ ақша жатқаны мәлім болады. Тіпті, мұрты бұзылмаған. Сөйтсе, бұл бір мекеме қызметкерлерінің айлық жалақысы екен. Сонда әлгі әйелдің қуанғаннан жылап жібергенін көрген Ботакөз де еріксіз көзіне жас алады. Әлгі кассир әйелдің қуанышының құнын түсінгеннен. Басшылық Ботакөз бен екі жұмысшыға да алғыс жариялайды. Алғыс демекші, 38 жыл еңбек жолында басшылық тарапынан тек алғыс алып келе жатқан Ботакөз Жұмағазықызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Маминнің қолынан «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алған және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иесі.
Ерман Әбдиев, Бірлік
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова