Біз разъезде өскенбіз...

Жаңалықтар
01.11.2017, 17:23
«Разъезде өскен балалардың дені – теміржолшы мамандығын таңдауында бір заңдылық бар сияқты. Көзімізді ашып көргеніміз теміржол тірлігі, әке-шешеміз, ағайын-туысымыз түгел теміржолшылар болған соң, осы жолды жалғастыру бізге аманаттай», деп сыр шертті бірде біздің кейіпкеріміз Ботакөз Үкібаева. Отыз жылға жуықтапты Бірлік станциясында  станция кезекшісі болып еңбек етіп келе жатқалы.  Ерте тұрмыс құрған Бөтакөз еңбек жолын 1978 жылы Шу  жол дистанциясында жолшы-монтер болып бастаған екен.  Жұмыс істеп жүріп Алматы теміржол техникумын сырттай оқып бітіріп, пойыздар қозғалысын реттеуші мамандығын алған соң Бірлік станциясына ауысып, міне 27 жыл, осы станцияда станция кезекшісі. – Ел әлеуетін арттырып отырған саланың өз қиындығы мен қызығы да бар. Өзім теміржолшылар әулетінен шыққан соң бұл мамандықтың қыр-сырын толық игердім деп айта аламын. Нәпақамызды осы саладан айырып, бала-шағаны асырап отырған соң  жұмыстың тек өнімді болуын, адал еңбек етуді ойлайсың.  Қолымдағы ұлым Талғат та теміржолшы. Білімі – жоғары. Шудағы ПЧМ мекемесінде RМ-80 жол жөндеу техникасының машинист көмекшісі болып еңбек етеді. Оның да көргені біз болған соң кәсібіне тез төселгені қуантады. Бүгін сол еңбегінің жемісін де көріп отыр. Қазір төрт немерем бар. Келінім баламен үйде отыр, дегенмен  ол да жоғары білімді теміржолшы, болашақта қайта еңбекке араласады, жұмыс жасаймын, жаным қалаған, оқыған мамандығымды игерем деп отырған жанға неге кедергі болуымыз керек, – дейді Ботакөз Жұмағазықызы. Кейіпкеріміз еңбек ететін Бірлік станциясы  үш бағытқа қызмет көрсетеді, яғни –Мойынты, Отар, Шу станциялары бағытында пойыздар жіберіп, маневр жұмыстарын реттеп отыр. Ботакөз Шу өңіріне белгілі теміржолшылар әулетінің өкілі болған соң бәрі таниды, Жұмекеңнің қызы деп сыйлайды. Әкесі Жұмағазы Кукузов салаға 45 жыл еңбегі сіңген жан.  Ботакөздің бауырлары  Асқар, Мұрат, Серік, Асан және сіңлілері Қаракөз бен Айгүл де әке жолын жалғастырып теміржолдың әр саласында тер төгуде.    Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасы. Бірде кезекшіліктен қайтқан  Ботакөз бір қызық жайтқа куә болғаны бар. Пойыз құрастырушы Павленко да, марқұм Серік деген жолшы бар әдеттегідей  үйге қайтып бара жатып  жол бойында жатқан «бөтен затты» көздері шалып, сөмкені кезекшілікке әкеліп тастайды. Ботакөз келесі кезекшілікке келгенде жұмыс алдында полиция қызметкері мен бейтаныс әйел адам күтіп тұрады. Олар зат іздеп жүргендері белгілі болады. Ал Ботакөз осыдан екі-үш күн бұрын жол бойынан сөмке тауып алып, ол сөмке қазір кезекші бөлмесінде тұрғанын айтады. Кейін сөмкеде кәдімгі буылған будақ-будақ ақша жатқаны мәлім болады. Тіпті, мұрты бұзылмаған. Сөйтсе, бұл бір мекеме қызметкерлерінің айлық жалақысы екен. Сонда әлгі әйелдің қуанғаннан жылап жібергенін көрген Ботакөз де еріксіз көзіне жас алады. Әлгі кассир әйелдің қуанышының құнын түсінгеннен.  Басшылық Ботакөз бен екі жұмысшыға да алғыс жариялайды. Алғыс демекші, 38 жыл еңбек жолында  басшылық тарапынан тек алғыс алып келе жатқан Ботакөз Жұмағазықызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Маминнің қолынан «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алған және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің  иесі.

Ерман Әбдиев, Бірлік

Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті