Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі жүйесінде заңдылықтарды бұзушылық, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефоны» қолданысқа енгізілгені қашан. Азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қараудың біріңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ станционарлық телефонан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын абоненттік нөмірі «46-28-02» сенім телефонынан халық хабарсыз ба, әлде жұрттың сенімінен шықпай ма, "сенім" операторына әлі күнге бірде бір адам жүгінбепті.– Аталған байланыс жүйесі біраз уақыттан бері жұмыс істейді. Қызметі тәулік бойына ұйымдастырылған. Бірақ телефон нөміріне осыған дейін ешқандай қоңырау болған жоқ. Тұрақты тексеріліп, бақылауда тұр, – деп мәлімдеген көліктегі ішкі істер желілік бөлімінің штаб бөлімшесінің инспекторы Әлия Асқанбаеваның сөзіне сүйенсек "сенім" жүйесінің жұмысы жанданса түрлі келеңсіздіктердің уақытылы алды алынып, дер кезінде шара қолдануға септігі тиер еді. Мысалы, бүгінде темір жол вокзалына келіп-кетуші пойыз жолаушыларымен болатын жағдайдың бірі – ұялы телефон және жеке құжаттарын жоғалтуы. Осы аталған деректер бойынша көліктегі ішкі істер органының қызметкерлерімен тиісті заңды шешімдер қабылданып келеді. Десек те дәл осындай фактілер әлі де жалғасуда. Оның басты себебі жолаушылардың жеке заттарына немқұрайлылықпен қарауы.Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау бағытында пойыз ішінде көліктегі полиция қызметкерлері "сенім телефоны" туралы хабарлап, профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын және дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. Өткен тоғыз айдың деректерін сөйлетсек, бөлімнің қызметтік аймағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 378 арыздар мен хабарламалар тіркелген. Сонымен қатар, үш тоқсан қорытындысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін көліктегі полиция кезекші бөліміне 1803 құқық бұзушы жеткізілген.Тәртіп сақшыларының көзқарасынша, «сенім телефонына» сенім жоқ емес, тағы да сол халықтың немқұрайлылығы мен құлықсыздығы.