"Сенім телефонына" сенеміз бе?  

Жаңалықтар
01.11.2017, 18:25
Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі жүйесінде заңдылықтарды бұзушылық, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефоны» қолданысқа енгізілгені қашан.   Азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қараудың біріңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ  станционарлық телефонан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын абоненттік нөмірі «46-28-02» сенім телефонынан   халық хабарсыз ба, әлде жұрттың сенімінен шықпай ма,  "сенім" операторына әлі күнге бірде бір адам жүгінбепті. –  Аталған байланыс жүйесі біраз уақыттан бері жұмыс істейді. Қызметі тәулік бойына ұйымдастырылған. Бірақ телефон нөміріне осыған дейін ешқандай қоңырау болған жоқ. Тұрақты тексеріліп, бақылауда тұр, – деп мәлімдеген көліктегі ішкі істер желілік бөлімінің штаб бөлімшесінің инспекторы Әлия Асқанбаеваның сөзіне сүйенсек "сенім" жүйесінің жұмысы жанданса түрлі келеңсіздіктердің уақытылы алды алынып, дер кезінде шара қолдануға септігі тиер еді.        Мысалы, бүгінде темір жол вокзалына келіп-кетуші пойыз жолаушыларымен болатын жағдайдың бірі – ұялы телефон және жеке құжаттарын жоғалтуы. Осы аталған деректер бойынша көліктегі ішкі істер органының қызметкерлерімен тиісті заңды шешімдер қабылданып келеді. Десек те дәл осындай фактілер әлі де жалғасуда. Оның басты себебі жолаушылардың жеке заттарына немқұрайлылықпен қарауы. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау бағытында пойыз ішінде көліктегі полиция қызметкерлері "сенім телефоны" туралы хабарлап, профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын және дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады.  Өткен тоғыз айдың деректерін сөйлетсек, бөлімнің қызметтік аймағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 378 арыздар мен хабарламалар тіркелген. Сонымен қатар, үш тоқсан қорытындысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін көліктегі полиция кезекші бөліміне 1803 құқық бұзушы жеткізілген. Тәртіп сақшыларының көзқарасынша, «сенім телефонына» сенім жоқ емес, тағы да сол халықтың немқұрайлылығы мен құлықсыздығы. 

Шахизат Сарина,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты