Күзет қырағылығымен құнды
Новости
22.07.2016, 18:19
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы филиалы – Жамбыл атқыштар командасының қырағы жігіттері Түлкібас, Мойынты, Отар аралығындағы жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуына жауап береді.
Бір ғана Жамбыл өңірінде бес атқыштар командасы бар. Жыл басында Магистральдық желі бөлімшесі және қозғалыс бойынша келісімшартқа отырған мекеменің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттердің үдесінен шығуда.
– Біздің жігіттер темір жол мекемелерін күзетеді. Олардың қатарында әкімшілік ғимараттар мен стратегиялық нысандар бар. Көпірлер, өткелдер бар. Сондай-ақ жүк пойыздарын ілеспе күзету бар. Одан өзге станция парктерінің күзеті де біздің мойнымызда. Жұмыс барысында Жамбыл жол бөлімшесімен, Магистральдық желі бөлімшесімен, көлік прокуратурасы және желілік ішкі істер қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасап келеміз. Тасымалданған жүктің сақталуын қадағалауда темір жолдың тиісті мекемелерімен бірлесе жұмыс жүргізіп отырмыз. Жалпы, жаз айларында жол бойында ұрлақ-қарлық дерегі жиілейді. Сондықтан бұл маусымда күзетті күшейтеміз. Ағымдағы жылдың өзінде біздің жігіттердің көмегімен 20 ұрлық тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 35 болған еді. Бұл ұрлық жасағандардың теміржолшыларға еш қатысы жоқ, бөтен адамдар. Сондай-ақ қоғамдық орындарда бұзықтық жасаған 163 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды , – дейді «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы филиалы бастығының орынбасары, Жамбыл атқыштар командасының басшысы Рахметжан Жанабаев.
Өңірдегі Жамбыл, Шу, Луговой, Сары-Шаған, Жаңатас, Қаратау сынды станциялардың басындағы атқыштар командасының жігіттері де қырағы қызметтерімен көңілден шығуда екен. Жігіттер төрт ауысымда жұмыс жасайды. Жұмыс орындары жасақталған, мұздатқыш, қысқатолқынды пеш, т.б. қажеттіліктің бәрі бар. Арнайы киімдермен жабдықтауда да ешқандай олқылық жоқ. Қызметте жүрген жігіттердің орта жасы – 35-40 жасты құрайды екен.
Бүгінде темір жол мекемелерінде терроризм мен экстремизмнің алдын алуда көптеген шаралар қолға алынып отыр. Оның қатарында әскерилендірілген темір жол күзетінің сарбаздары да дайындықтан өтуде. Ағымдағы жылдың өзінде ҰҚК-мен жоспарлы жеті оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылыпты. Күзет жігіттері толықтай рация құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Және әр күзетші де қызметтік ұялы телефонмен қамтамасыз етілген. Кезекшілікке шыққанда сарбаздар осы телефондарды өздерімен алып жүреді екен. Оқыс оқиға орын алғандай болса байланысқы шығуға өте тиімді дейді мамандар.
Біз барғанда станция паркінде Жамбыл атқыштар командасы басшысының жүк тасымалы бойынша орынбасары Азамат Сәрсенбаев пен нысандар бойынша орынбасары Ғалымжан Аязбаев күзетшілерге Мәжит Оразалиев пен Мұрат Мақсұтовқа қауіпсіздік жөнінде нұсқаулық өткізіп жатыр екен. Себебі, әр күзетші нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана міндетіне кіріседі екен.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Суретті түсірген автор
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути