Күзет қырағылығымен құнды

Жаңалықтар
22.07.2016, 18:19
 «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы филиалы – Жамбыл атқыштар командасының қырағы жігіттері Түлкібас, Мойынты, Отар аралығындағы жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуына жауап береді. Бір ғана Жамбыл өңірінде бес атқыштар командасы бар. Жыл басында Магистральдық желі бөлімшесі және қозғалыс бойынша келісімшартқа отырған мекеменің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттердің үдесінен шығуда. –  Біздің жігіттер темір жол мекемелерін күзетеді. Олардың қатарында әкімшілік ғимараттар мен стратегиялық нысандар бар. Көпірлер, өткелдер бар. Сондай-ақ жүк пойыздарын ілеспе күзету бар. Одан өзге станция парктерінің күзеті де біздің мойнымызда. Жұмыс барысында Жамбыл жол бөлімшесімен, Магистральдық желі бөлімшесімен, көлік прокуратурасы және желілік ішкі істер қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасап келеміз. Тасымалданған жүктің сақталуын қадағалауда темір жолдың тиісті  мекемелерімен бірлесе жұмыс жүргізіп отырмыз. Жалпы, жаз айларында жол бойында ұрлақ-қарлық  дерегі жиілейді. Сондықтан бұл маусымда күзетті күшейтеміз. Ағымдағы жылдың өзінде біздің жігіттердің көмегімен 20 ұрлық тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 35 болған еді. Бұл ұрлық жасағандардың  теміржолшыларға еш қатысы жоқ, бөтен адамдар.  Сондай-ақ қоғамдық орындарда бұзықтық жасаған 163 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды , – дейді «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы филиалы бастығының орынбасары, Жамбыл атқыштар командасының басшысы Рахметжан Жанабаев. Өңірдегі Жамбыл, Шу, Луговой, Сары-Шаған, Жаңатас, Қаратау сынды станциялардың басындағы атқыштар командасының жігіттері де қырағы қызметтерімен көңілден шығуда екен. Жігіттер төрт ауысымда жұмыс жасайды.  Жұмыс орындары жасақталған, мұздатқыш, қысқатолқынды пеш, т.б. қажеттіліктің бәрі бар. Арнайы киімдермен жабдықтауда да ешқандай олқылық жоқ. Қызметте жүрген жігіттердің орта жасы – 35-40 жасты құрайды екен.  Бүгінде темір жол мекемелерінде терроризм мен экстремизмнің алдын алуда көптеген шаралар қолға алынып отыр. Оның қатарында әскерилендірілген темір жол күзетінің сарбаздары да дайындықтан өтуде. Ағымдағы жылдың өзінде ҰҚК-мен жоспарлы жеті оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылыпты. Күзет жігіттері толықтай рация құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Және әр күзетші де қызметтік ұялы телефонмен қамтамасыз етілген. Кезекшілікке шыққанда сарбаздар осы телефондарды өздерімен алып жүреді екен. Оқыс оқиға орын алғандай болса байланысқы шығуға өте тиімді дейді мамандар. Біз барғанда  станция паркінде Жамбыл атқыштар командасы басшысының жүк тасымалы бойынша орынбасары Азамат Сәрсенбаев пен нысандар бойынша орынбасары Ғалымжан Аязбаев күзетшілерге Мәжит Оразалиев пен Мұрат Мақсұтовқа қауіпсіздік жөнінде нұсқаулық өткізіп жатыр екен. Себебі, әр күзетші нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана міндетіне кіріседі екен.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Суретті түсірген автор

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды