«Жаңа жібек жолы» - Солтүстік Еуропа бағытында
Новости
14.11.2017, 13:44
Кеше Солтүстік Еуропаның ірі көлік торабы бойынша Коувола (Финляндия) – Бусловская (Ресей) – Алтынкөл (Қазақстан) – Сиань (Қытай) бағдары бойынша алғашқы контейнерлік пойыз аттанды. Пойыз 8,5 мың км қашықтықты 10 күнде жүріп өтеді.
Пойызды іске қосу рәсіміне Қазақстан атынан Финляндиядағы елші Мұрат Нұртілеуов, Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Айгүл Құспан және «ҚТЖ-Экспресс» АҚ Контейнерлік тасымал департаментінің директоры Алмат Кәрімов қатысты.
Жаңа бағдар Қазақстанның Азия және Еуропа елдерімен бірге Елбасының бастамасы – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «Бір белдеу – бір жол» қытайлық бастамасымен сабақтастыру аясында салған бесінші дәлізі болды.
Қазақстанның әріптес елдері делегацияларының басшылары еліміздің Еуразия кеңістігінде көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы және сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудегі негізгі рөлін жоғары бағалады.
2016 жылғы желтоқсан айында Қазақстан, Финляндия, Ресей және Қытай арасында қол қойылған «Шығыс көлік дәлізін» ашу туралы келісімді жүзеге асыруға жауапты және жаңа бағдардың бас операторы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның салмақты үлесі ерекше аталды.
Коувола қаласының мэрі Марита Тойкка Финляндия мен Қытай арасындағы темір жол қатынасын іске қосу, жобаға қатысушы елдер үшін тарихи маңызға ие екенін айта келіп, Коувола қаласы Ұлы Жібек жолының «Шығыс қақпасына» айналатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде, Финляндияның Әділет министрі Антти Хяккянен Қазақстан, Қытай және Ресей тараптарына көрсеткен қолдаулары мен тығыз ынтымақтастықтары үшін Суоми басшылығы атынан алғыс білдіріп, темір жол қатынасының жаһандық экономикада арта түскен рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Министр «Жібек жолы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, экологияны сақтау және қатысушылар арасында цифрлық технологиялар екпінінде белсенді алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер ашып отыр» деген пікір білдірді.
Елші Мұрат Нұртілеуов өзінің құттықтау сөзінде Астананың Еуразияда бейбітшілікті сақтауға, тұрақтылықты нығайтуға және экономикалық іс-әрекеттестікті кеңейтуге бейімділігін атап өтіп, осы орайда, Мемлекет басшысының көптеген бастамалары Азия мен Еуропа арасындағы диалогқа қазірден табысты қызмет етіп жатқанын жеткізді.
«Мемлекетті және қоғамды жаңғырту арқылы терең өзгеріс енгізіп жатқан заманауи Қазақстанның өңірлік және жаһандық бастамалары тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға ғана емес, сондай-ақ халықтардың жақындасуына, мәдени-гуманитарлық, технологиялық және ғылым-білім саласындағы алмасуға мүмкіндік туғызуда. Қазақстан Республикасының кешенді сыртқы экономикалық және сыртқы саяси бағытының көліктік-логистикалық құрамы мұндай игі қадамдардың жарқын үлгісі болды. ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ, АӨСШК-ні қоса алғанда бірқатар көпжақты тетіктер мен институттардың қалыптасуында негізгі актор болған Қазақстан басшысы тараптардың Орталық Азиядағы мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізді және еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етті», – деп мәлімдеді қазақстандық дипломат.
Нұрбек БЕКЕН
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова