«Жаңа жібек жолы» - Солтүстік Еуропа бағытында

Жаңалықтар
14.11.2017, 13:44
 Кеше Солтүстік Еуропаның ірі көлік торабы бойынша  Коувола (Финляндия)  – Бусловская (Ресей)  – Алтынкөл (Қазақстан) – Сиань (Қытай) бағдары бойынша алғашқы контейнерлік пойыз аттанды. Пойыз 8,5 мың км қашықтықты 10 күнде жүріп өтеді. Пойызды іске қосу рәсіміне Қазақстан атынан Финляндиядағы елші Мұрат Нұртілеуов, Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Айгүл Құспан және «ҚТЖ-Экспресс» АҚ Контейнерлік тасымал департаментінің директоры Алмат Кәрімов қатысты. Жаңа бағдар Қазақстанның Азия және Еуропа елдерімен бірге Елбасының бастамасы – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «Бір белдеу – бір жол» қытайлық бастамасымен сабақтастыру аясында салған бесінші дәлізі болды. Қазақстанның әріптес елдері делегацияларының басшылары еліміздің Еуразия кеңістігінде көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы және сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудегі негізгі рөлін жоғары бағалады. 2016 жылғы желтоқсан айында Қазақстан, Финляндия, Ресей және Қытай арасында қол қойылған «Шығыс көлік дәлізін» ашу туралы келісімді жүзеге асыруға жауапты және жаңа бағдардың бас операторы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның салмақты үлесі ерекше аталды. Коувола қаласының мэрі Марита Тойкка Финляндия мен Қытай арасындағы темір жол қатынасын іске қосу,  жобаға қатысушы елдер үшін тарихи маңызға ие екенін айта келіп, Коувола қаласы Ұлы Жібек жолының «Шығыс қақпасына» айналатынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Финляндияның Әділет министрі Антти Хяккянен Қазақстан, Қытай және Ресей тараптарына көрсеткен қолдаулары мен тығыз ынтымақтастықтары үшін Суоми басшылығы атынан алғыс білдіріп, темір жол қатынасының жаһандық экономикада арта түскен рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Министр «Жібек жолы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, экологияны сақтау және қатысушылар арасында цифрлық технологиялар екпінінде белсенді алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер ашып отыр» деген пікір білдірді. Елші Мұрат Нұртілеуов өзінің құттықтау сөзінде Астананың Еуразияда бейбітшілікті сақтауға, тұрақтылықты нығайтуға және экономикалық іс-әрекеттестікті кеңейтуге бейімділігін атап өтіп, осы орайда,  Мемлекет басшысының көптеген бастамалары Азия мен Еуропа арасындағы диалогқа қазірден табысты қызмет етіп жатқанын жеткізді. «Мемлекетті және қоғамды жаңғырту арқылы терең өзгеріс енгізіп жатқан заманауи Қазақстанның өңірлік және жаһандық бастамалары тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға ғана емес, сондай-ақ халықтардың жақындасуына, мәдени-гуманитарлық, технологиялық және ғылым-білім саласындағы алмасуға мүмкіндік туғызуда. Қазақстан Республикасының кешенді сыртқы экономикалық және сыртқы саяси бағытының көліктік-логистикалық құрамы мұндай игі қадамдардың жарқын үлгісі болды. ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ, АӨСШК-ні қоса алғанда бірқатар көпжақты тетіктер мен институттардың қалыптасуында негізгі актор болған Қазақстан басшысы тараптардың Орталық Азиядағы мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізді және еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етті», – деп мәлімдеді қазақстандық дипломат.

Нұрбек БЕКЕН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты