Қара малдан қауіп көп...
Новости
14.11.2017, 15:00
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінің пайдалануға берілуіне орай осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және теміржол нысандарын бақылап, жол күтімін жасау үшін өткен жылы №59-Сексеуіл жол дистанциясы филиалы құрылғаны белгілі.
Сексеуіл – Жезқазған станцияларының ара қашықтығы 554,2 км қамтиды. Оның ішінде: Сексеуіл – Қосқөл телімі Қызылорда облысына, Қоскөл –Жезқазған телімі Қарағанды облысына тиесілі. Осы бағытта «Қызылорда – Жезқазған» жолаушылар пойызы, «Сексеуіл – Қоскөл – Жезқазған» қала маңы пойызы 80 км/сағат және жүк пойыздары 60 км/сағат жылдамдықпен жүруде. Бұл дегеніміз қырағылықты күшейтіп, телімдегі пойыздардың қауіпсіздігін ұдайы бақылау қажет деген сөз.
Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі пайдалануға берілгелі мұндағы теміржолшылар кәсіби міндетін атқарумен қатар қосымша жұмыс пайда болды, ол теміржол бойын жергілікті тұрғындардың қараусыз жайылған малынан қору.
Үстіміздегі жылдың он айлық көрсеткіші бойынша Сексеуіл – Қоскөл – Жезқазған арасында жүріп өткен жылжымалы құрам машинистері 99 мәрте шұғыл тежегіш басуға мәжбүр болған. Әр телім арасында белгіленген жылдамдықпен жүретін пойызға 14 рет мал басу оқиғасы тіркеліп отыр. Ай сайын бір-екі малды пойыз басып отырған...
Бізге ұжым теміржолшылары және жергілікті тұрғындар тарапынан қозғалыс қауіпсіздігіне сыртқы ықпалдан туатын мәселелерді жетік бақылап отыру шарт. Қараусыз, бақташысыз жайылған жеке адамдардың малдары теміржолға шығып кетіп, жолаушы мен жүк пойыздарының жүріс қозғалысын тоқтатуына және пойыздардың жолдан шығып кетуіне айтарлықтай қауіп төндіруде. Біздің тарапымыздан осындай жағдайларды болдырмау мақсатында халыққа мал жаю ережелерімен таныстырып түсіндіру жұмыстарын ұдайы өткізіп келеміз. Қадағалаусыз малдардың жолға шығуын болдырмау үшін жол қараушылардың жұмысы күшейтілді. Алайда онан шығар оңтайлы нәтиже жоқ, Сексеуіл, Шижаға, Абай елді мекен тұрғындарының және осы маңдағы жеке қожалықтардың малдары темір жол бойын жағалап жайылуы тыйылар емес, – деп қынжылыс білдірді Сексеуіл жол дистанциясының жол инженері Қуаныш Мұханбетшаріпов.
Осылай, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігімен жолаушылар өмірін сақтауға және қозғалыс ырғағын бұзбауға еңбектеніп жатқан жаңа ұжымға қосымша жұмыс шаш етектен шығын әкелуде. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан жалпы қозғалыс ырғағына кедергілер туындап, тасымалданатын жүк және жолаушылар пойыздарының бекітілген кестесі бұзылып, баратын жеріне уақытында жете алмауда.
Дистанцияның қызмет көрсету аралығында тосын жағдайдың тіркелуіне орай Қызылорда және Қарағанды теміржол бөлімшелеріне қарасты Сексеуіл пайдалану локомотив депосы және Қарағанды пайдалану локомотив деполарынан жолға шыққан малға байланысты шұғыл тежегіш басып тоқтағандары жөнінде дистанцияға жеделхаттар толассыз келіп жатады.
Амал қанша, жергілікті тұрғындарға теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізгенімен, «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабы 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны ескертілсе де, айтарлықтай нәтиже жоқ. Сондықтан, жалпы ұзындығы 554,2 км болатын телімнің 67,2 шақырымына және алдағы уақытта барлық мал өтетін жерлерге малға қарсы қоршаулар салыну жоспарлануда, – дейді дистанция инженері.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова