Қара малдан қауіп көп...

Жаңалықтар
14.11.2017, 15:00
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінің пайдалануға берілуіне орай осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және теміржол нысандарын бақылап, жол күтімін жасау үшін өткен жылы  №59-Сексеуіл жол дистанциясы филиалы құрылғаны белгілі. Сексеуіл – Жезқазған станцияларының ара қашықтығы 554,2 км қамтиды. Оның ішінде: Сексеуіл – Қосқөл телімі Қызылорда облысына, Қоскөл –Жезқазған телімі Қарағанды облысына тиесілі. Осы бағытта «Қызылорда – Жезқазған» жолаушылар пойызы, «Сексеуіл – Қоскөл – Жезқазған» қала маңы пойызы 80 км/сағат және жүк пойыздары 60 км/сағат жылдамдықпен жүруде. Бұл дегеніміз қырағылықты күшейтіп, телімдегі пойыздардың қауіпсіздігін ұдайы бақылау қажет деген сөз. Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі пайдалануға берілгелі мұндағы теміржолшылар кәсіби міндетін атқарумен қатар қосымша жұмыс пайда болды, ол теміржол бойын жергілікті тұрғындардың  қараусыз жайылған  малынан қору.    Үстіміздегі жылдың он айлық көрсеткіші бойынша Сексеуіл – Қоскөл – Жезқазған арасында жүріп өткен жылжымалы құрам машинистері 99 мәрте шұғыл тежегіш басуға мәжбүр болған. Әр телім арасында белгіленген жылдамдықпен жүретін пойызға 14 рет мал басу оқиғасы тіркеліп отыр. Ай сайын бір-екі малды пойыз басып отырған...   Бізге ұжым теміржолшылары және жергілікті тұрғындар тарапынан қозғалыс қауіпсіздігіне сыртқы ықпалдан туатын мәселелерді жетік бақылап отыру шарт. Қараусыз, бақташысыз жайылған жеке адамдардың малдары теміржолға шығып кетіп, жолаушы мен жүк пойыздарының жүріс қозғалысын тоқтатуына және пойыздардың жолдан шығып кетуіне айтарлықтай қауіп төндіруде. Біздің тарапымыздан осындай жағдайларды болдырмау мақсатында халыққа мал жаю ережелерімен таныстырып түсіндіру жұмыстарын ұдайы өткізіп келеміз. Қадағалаусыз малдардың жолға шығуын болдырмау үшін жол қараушылардың жұмысы күшейтілді. Алайда онан шығар оңтайлы нәтиже жоқ, Сексеуіл, Шижаға, Абай елді мекен тұрғындарының және осы маңдағы жеке қожалықтардың малдары темір жол бойын жағалап жайылуы тыйылар емес, – деп қынжылыс білдірді Сексеуіл жол дистанциясының жол инженері Қуаныш Мұханбетшаріпов.  Осылай, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігімен жолаушылар өмірін сақтауға және қозғалыс ырғағын бұзбауға еңбектеніп жатқан жаңа ұжымға қосымша жұмыс шаш етектен шығын әкелуде. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан жалпы қозғалыс ырғағына кедергілер туындап, тасымалданатын жүк және жолаушылар пойыздарының бекітілген кестесі бұзылып, баратын жеріне уақытында жете алмауда. Дистанцияның қызмет көрсету аралығында тосын жағдайдың тіркелуіне орай Қызылорда және Қарағанды теміржол бөлімшелеріне қарасты Сексеуіл пайдалану локомотив депосы және Қарағанды пайдалану локомотив деполарынан жолға шыққан малға байланысты шұғыл тежегіш басып тоқтағандары жөнінде дистанцияға жеделхаттар толассыз  келіп жатады.  Амал қанша, жергілікті тұрғындарға теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізгенімен, «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабы 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны ескертілсе де, айтарлықтай нәтиже жоқ. Сондықтан, жалпы ұзындығы 554,2 км болатын телімнің 67,2 шақырымына және алдағы уақытта барлық мал өтетін жерлерге малға қарсы қоршаулар салыну жоспарлануда, – дейді дистанция инженері.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты