Электродиодты шам – үнем мен тиімділік
Новости
17.11.2017, 11:48
Қазақстан бойынша электр қуатын үнемдейтін электродиодты шамдарды теміржол мекемелері арасынан Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы алғаш болып орната бастаған болатын.
Бүгінде дистанцияға қарасты желілік аудандарда электродиодты шамдар орнату жұмыстары жалғасып келеді. Осыдан екі жыл бұрын 2000-ға тарта шамға тапсырыс жасаған мекеме биыл да 400-ден астам электр көзін үнемдейтін қондырғы орнатып шықты.
«Инвестициялық бюджеттің есебінен алынған шамдар алдымен Қандыағаш, Жңішке және Ақтөбе станцияларына орнатылды. Кейін сыныпты станциялардың барлығына да жеткіздік. Әйтеке би, Никельтау, Дөң, Алға, Бестамақ станцияларын да сыныбына қарай диодты жарықтармен қамтамасыз еттік. Биыл барлығы 404 шам алып отырмыз», – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев.
Оның айтуынша, заманауи шамдармен Сағыз станциясынан бастап Қандыағашқа дейінгі аралық жарықтандырылды.
«Жол бойындағы станциялар мен разъездерге, айырықтарға (стрелкаларға) жарық тарттық. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жарықты қажет ететін түнгі ауысымдарға диодты шамдар орнатып бердік. Одан ауысқаны Орал бөлімшесіне жеткізіледі. Бүгінде Орал электрмен жабдықтау дистанциясы да Ақтөбеге қарайтын болды. Екі дистанция біріктірілді», – дейді бүгінде біріктірілген екі дистанцияға басшылық етіп отырған Сәкен Орынбаев.
Дистанция директорының айтуынша, биыл Шұбарқұдық станциясында ескі шамдар жаңа түрімен толық ауыстырылған. Бүгінде түн мезгілінде де самаладай жарқылап тұрады. Тіпті, екі пойыз тоқтап тұрғанда арасына да жарық түседі екен.
Сәкен Орынбаев электродиодты шамдардың электр қуатын әлдеқайда үнемдейтінін алға тартып отыр. «Оның үстіне, диодты шамды пайдалану мерзімі бұрынғы шамдармен салыстырғанда едәуір ұзақ. Заманауи шам жанып кеткен жағдайда кепіл берген компанияға хабар жеткізіледі. Мамандар дереу келіп, істен шыққан шамдарды ауыстырып береді. Шамдардың қолды болмауы үшін сақтық шаралары қолға алынып жатыр. Теміржолшылар арасында инструктаж жүргізілді. Машинистер де паркте, жол бойында бөгде адамдардың жүргенін байқаса, бізге хабар береді. Жергілікті желілік полиция бөлімдеріне де хат жолдадық. Қандыағаштағы парк үстінде көлденең тұрған өткелдерге кез-келген адам міне алмайтындай болды. Оған мінетін баспалдақ жерден екі метр биіктікте орналасқан. Электромонтерлар өздерінің арнайы баспалдағымен көтеріледі», –дейді Сәкен Орынбаев.
Айта кетейік, 2015 жылы тораптық станция Қандыағашқа 1576 диодты шам қойылған. Ол жерде бес парк бар. Қалғаны өзге станцияларға орнатылды. Биыл алынған 404 шамның шамамен 300 данасы Шұбарқұдық, Сағыз, Қандыағаш аралықтарына қойылып, қалғаны Оралға жіберілген.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова