Электродиодты шам – үнем мен тиімділік

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:48
Қазақстан бойынша электр қуатын үнемдейтін электродиодты шамдарды теміржол мекемелері арасынан Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы алғаш болып орната бастаған болатын. Бүгінде дистанцияға қарасты желілік аудандарда электродиодты шамдар орнату жұмыстары жалғасып келеді. Осыдан екі жыл бұрын 2000-ға тарта шамға тапсырыс жасаған мекеме биыл да 400-ден астам электр көзін үнемдейтін қондырғы орнатып шықты. «Инвестициялық бюджеттің есебінен алынған шамдар алдымен Қандыағаш, Жңішке және Ақтөбе станцияларына орнатылды. Кейін сыныпты станциялардың барлығына да жеткіздік. Әйтеке би, Никельтау, Дөң, Алға, Бестамақ станцияларын да сыныбына қарай диодты жарықтармен қамтамасыз еттік. Биыл барлығы 404 шам алып отырмыз», – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев. Оның айтуынша, заманауи шамдармен Сағыз станциясынан бастап Қандыағашқа дейінгі аралық жарықтандырылды. «Жол бойындағы станциялар мен разъездерге, айырықтарға (стрелкаларға) жарық тарттық. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жарықты қажет ететін түнгі ауысымдарға диодты шамдар орнатып бердік. Одан ауысқаны Орал бөлімшесіне жеткізіледі. Бүгінде Орал электрмен жабдықтау дистанциясы да Ақтөбеге қарайтын болды. Екі дистанция біріктірілді», – дейді бүгінде біріктірілген екі дистанцияға басшылық етіп отырған Сәкен Орынбаев. Дистанция директорының айтуынша, биыл Шұбарқұдық станциясында ескі шамдар жаңа түрімен толық ауыстырылған.  Бүгінде түн мезгілінде де самаладай жарқылап тұрады. Тіпті, екі пойыз тоқтап тұрғанда арасына да жарық түседі екен.   Сәкен Орынбаев электродиодты шамдардың электр қуатын әлдеқайда үнемдейтінін алға тартып отыр. «Оның үстіне, диодты шамды пайдалану мерзімі бұрынғы шамдармен салыстырғанда едәуір ұзақ. Заманауи шам жанып кеткен жағдайда кепіл берген компанияға хабар жеткізіледі. Мамандар дереу келіп, істен шыққан шамдарды ауыстырып береді. Шамдардың қолды болмауы үшін сақтық шаралары қолға алынып жатыр. Теміржолшылар арасында инструктаж жүргізілді. Машинистер де паркте, жол бойында бөгде адамдардың жүргенін байқаса, бізге хабар береді. Жергілікті желілік полиция бөлімдеріне де хат жолдадық. Қандыағаштағы парк үстінде көлденең тұрған өткелдерге кез-келген адам міне алмайтындай болды. Оған мінетін баспалдақ жерден екі метр биіктікте орналасқан. Электромонтерлар өздерінің арнайы баспалдағымен көтеріледі», –дейді Сәкен Орынбаев. Айта кетейік, 2015 жылы тораптық станция Қандыағашқа 1576 диодты шам қойылған. Ол жерде бес парк бар. Қалғаны өзге станцияларға орнатылды. Биыл алынған 404 шамның шамамен 300 данасы Шұбарқұдық, Сағыз, Қандыағаш аралықтарына қойылып,  қалғаны Оралға жіберілген.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты