Жолшылар жұмысы жыл он екі ай толастамайды
Новости
24.11.2017, 18:43
Оңтүстіктің жайма шуақ жылы ауа райы жолшыларға жол жөндеу, рельс-шпал ауыстыру сынды жұмыстарды жыл он екі ай жүргізе беруге мүмкіндік береді.Биыл да күздің соңғы айы аяқталуға жақын қалса да Арыс жол дистанциясында қызу жұмыс қарқын алған.
Жалпы, Оңтүстіктегі Шымкент және Арыс темір жолдарында биылғы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, он айдағы көрсеткішке сай жолдың сапасы 67 балдық бағамды құраған. 28 км жол қанағаттанарлықсыз деп танылғанмен, өткен жылмен салыстырғанда сапасыз жол 23 км азайған.
Ағымдағы жылдың он айында шаруашылық жолмен 2,8 км жол орташа жөндеуден өткен. 4,32 км бойындағы рельс ауыстылырса, 0,897 метр рельс плеттері, 11,539 км бойы ескі болғанмен жарамды рельстерге, 18 бағыттағыш бұрма да ескі болғанмен жарамдыларына алмастырылған.
– Екі жол дистанциясының біріне 22, екіншісінде 19 км күрделі жөндеу жүргіземіз.Састөбе – Көктерек, Қызылсай – Сергеевка, Черновод бекетінің төңірегіне, Арыс жол дистанциясы бойынша Ақдала – Қостүйін, Қостүйін – Қарақоңыр, Монтайтас – Шанақ перегондарында шпалдардың бәрі тегіс ауысады, –дейді аталған бөлімше директорының орынбасары Бердібай Сейсенов.
Оның айтуынша, биыл күрделі жөндеуге бөлінген қаржы жеткіліксіз болып, материалдар аздау келіп, соған сай жөнделуге тиісті жол бойының да жоспары шағын етіп берілген. Жолшылар 41 шақырымды жөндеу кезінде ол жерлердегі жарамды материалдарды алып,ескірген жолдарға салмақ.
Қазір келіп бастаған 77 мың шпал 41 шақырымға жетеді. Бүгінге дейін 1124 данасы келді. Тағы 11 вагоны яғни 2500 данасы жолда келе жатыр. Астанадағы басшылық осы айда 20 мың шпал жіберетінін, қалғанын 25 желтоқсанға дейін жеткізетіндерін айтуда. Демек, оңтүстіктің жайма шуақ ауа райы ыңғай берсе, жұмыс желтоқсанда да жалғасады, жаңа жылға дейін жоспарлап отырған көлемді бітіруге тырысамыз. Сондықтан алдағы күндері 3-4 күн демалмастан жұмыс істейміз. Келесі жылы Арыс жол дистанциясына қарасты Шойтөбе – Түркістан, Ақшоқат – Тимур аралығында 20 шақырым жөндеу жоспарланып отыр, – дейді бөлімше директорының орынбасары.
Дистанция жолшылары үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Мысалы, жан-жақтағы елді-мекендерден қатынап жұмыс істейтін жолшылар үшін жылжымалы модульді вагондар қойылған. Оларды арасы шалғай бекеттерге немесе адам аяғы аз жерлерге қоюға тырысады екен. Он адамға шақталған, ішінде душтан бастап тоңазытқыш, теледидар, газ плитасына дейін қамтылған осындай вагонның бірі қазір Арыста болса, екіншісі жаңадан салынып жатқан Меңлібай бекетінде, үшіншісі Шеңгелді, төртіншісі Отырабат бекеттерінде сайлаулы тұр екен.
Динар БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics
Новости / Архив
21.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №66 от 21 августа 2026 года
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года