Жолшылар жұмысы жыл он екі ай  толастамайды 

Жаңалықтар
24.11.2017, 18:43
Оңтүстіктің жайма шуақ  жылы ауа райы жолшыларға жол жөндеу, рельс-шпал ауыстыру сынды жұмыстарды жыл он екі ай жүргізе беруге мүмкіндік береді.Биыл да күздің соңғы айы аяқталуға жақын қалса да Арыс жол дистанциясында қызу жұмыс қарқын алған.  Жалпы, Оңтүстіктегі Шымкент және Арыс темір жолдарында биылғы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, он  айдағы көрсеткішке сай жолдың сапасы 67 балдық бағамды құраған. 28 км жол қанағаттанарлықсыз деп танылғанмен, өткен жылмен салыстырғанда сапасыз жол 23 км азайған.  Ағымдағы жылдың он  айында шаруашылық жолмен 2,8 км жол орташа жөндеуден өткен. 4,32 км бойындағы рельс ауыстылырса, 0,897 метр рельс плеттері, 11,539 км бойы ескі болғанмен жарамды рельстерге, 18 бағыттағыш бұрма да ескі болғанмен жарамдыларына алмастырылған. – Екі жол дистанциясының біріне 22, екіншісінде 19 км күрделі жөндеу жүргіземіз.Састөбе – Көктерек, Қызылсай – Сергеевка, Черновод бекетінің төңірегіне, Арыс жол дистанциясы бойынша Ақдала – Қостүйін, Қостүйін – Қарақоңыр, Монтайтас – Шанақ перегондарында шпалдардың бәрі тегіс ауысады, –дейді аталған бөлімше директорының орынбасары Бердібай Сейсенов. Оның айтуынша, биыл күрделі жөндеуге  бөлінген қаржы жеткіліксіз болып, материалдар аздау келіп, соған сай жөнделуге тиісті жол бойының да жоспары шағын етіп берілген.  Жолшылар 41 шақырымды жөндеу кезінде ол жерлердегі жарамды материалдарды алып,ескірген жолдарға салмақ.  Қазір келіп бастаған 77 мың шпал 41 шақырымға жетеді. Бүгінге дейін 1124 данасы келді. Тағы 11 вагоны яғни 2500 данасы  жолда келе жатыр. Астанадағы  басшылық осы айда 20 мың шпал жіберетінін, қалғанын 25 желтоқсанға дейін жеткізетіндерін айтуда. Демек, оңтүстіктің жайма шуақ ауа райы ыңғай берсе, жұмыс желтоқсанда да жалғасады, жаңа жылға дейін жоспарлап отырған көлемді бітіруге тырысамыз. Сондықтан алдағы күндері 3-4 күн демалмастан жұмыс істейміз. Келесі жылы Арыс жол дистанциясына қарасты Шойтөбе – Түркістан, Ақшоқат – Тимур аралығында 20 шақырым жөндеу жоспарланып отыр, – дейді бөлімше директорының орынбасары. Дистанция жолшылары үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Мысалы, жан-жақтағы елді-мекендерден қатынап  жұмыс істейтін жолшылар үшін жылжымалы модульді вагондар қойылған. Оларды арасы шалғай бекеттерге немесе адам аяғы аз жерлерге қоюға тырысады екен. Он адамға шақталған, ішінде душтан бастап тоңазытқыш, теледидар, газ плитасына дейін қамтылған осындай  вагонның бірі қазір Арыста болса, екіншісі жаңадан салынып жатқан Меңлібай бекетінде, үшіншісі Шеңгелді, төртіншісі Отырабат бекеттерінде  сайлаулы тұр екен.

Динар БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты