Өткелде орын алған оқиға

Новости
28.11.2017, 18:53
25 қараша күні Маңғыстау өңірінде елді шулатқан қайғылы оқиға болды. 36 адамды мінгізіп алған Газель көлігі Жаңаөзеннен Теңге елді мекеніне бара жатып, темір жолды кесіп өтпек болғанда тепловозбен соқтығысып, соның салдарынан 9 адам тіл тартпай, ажал құшты. Солардың қатарында автокөлік жүргізушісі де бар.   Оқиға орнына шұғыл жеткен өңірдің темір жол басшылығы дереу жиын өткізіп, істің ақ-қарасын анықтауға тырысты. Ал кеше Астанадан «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев бастаған бір топ теміржол басшылығы келіп, қайғылы оқиғаға қатысты. Маңғыстау ЖТ және магистральдық желі бөлімшелері басшыларының,  өңір әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен үлкен жиын өткізді. Бұл жиналыстың мақсаты – төтенше оқиғаның орын алуы себептерін, кінәлі адамдарды анықтау, теміржолшылар тарапынан қандай қателікке жол берілді, тағысын тағы мәселелерді талқылау болатын. Қолдағы бар соны деректерге сүйенсек, оқиға орын алған өткел күзетілетіндер қатарында. Ондағы шлагбаум автоматты түрде ашылып-жабылады екен. Алайда, сол күні шлагбаум істен шығып, жабылмай тұрған. Бірақ, жол қозғалысы ережесі бойынша көлік жүргізушісі темір жол өткеліне келгенде тоқтап, локомотивтің жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс. Оның үстіне бағдаршамда қызыл белгісі жанып тұрған. Бұл туралы Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директоры Н.Ғұбашев былай дейді: –Өте қайғылы оқиға орын алды. Мұның бәрі жол қозғалысы ережесін көлік жүргізушісінің өрескел бұзуынан болды. 13 адамдық Газельге 36 адам тиеп алған. Үш есе адамды көп тиеп алған автокөліктің келе жатқан тепловоздың алдын қиып өтпек болғаны жүргізушінің сауатсыз әрекетін көрсетсе керек. Тепловоздың лентасында машинистің шұғыл тежегіш басқаны анықталып отыр. Және де өткел кезекшісі шлагбаум істемей қалған күнде келе жатқан көлікті көріп, оған жолдан өтуге тиым салған белгі беру керек еді. Қазір өткел кезекшісі уақытша қамауда. КІІБ тергеу жүргізіп жатыр. Бөлімше басшысы сөзінен белгілі болғандай, Жаңаөзен қаласының әкімшілігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы атына оқиға салдарынан зардап шеккендерге ақшалай көмек беру туралы хат жолдапты. Хатта үш тізім берілген. Біріншісі, қайтыс болған отбасыларына көмек, екіншісі ауыр жарақат алғандарға, үшіншісі, жеңіл-желпі жарақат алушыларға ақшалай көмек екен. Қазір Компания зардап шегушілерге қаржылау көмек көрсету жағын қолға алған. Бұл оқиға қатысты Маңғыстау өңірінде бірнеше талқылау жиындары өтіп жатыр. Әр сала өзіне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Газельмен соқтығысқан тепловоз қазір жөндеуге жіберілген. Оған келген шығын сомасы әзірге белгісіз. Өңірдегі жиналыстардың қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, кейін Астанада кеңейтілген талқылау жиналысы өтеді деп күтілуде.

Шахида ЖҰМАН

Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы