Өткелде орын алған оқиға
Жаңалықтар
28.11.2017, 18:53
25 қараша күні Маңғыстау өңірінде елді шулатқан қайғылы оқиға болды. 36 адамды мінгізіп алған Газель көлігі Жаңаөзеннен Теңге елді мекеніне бара жатып, темір жолды кесіп өтпек болғанда тепловозбен соқтығысып, соның салдарынан 9 адам тіл тартпай, ажал құшты. Солардың қатарында автокөлік жүргізушісі де бар.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өңірдің темір жол басшылығы дереу жиын өткізіп, істің ақ-қарасын анықтауға тырысты. Ал кеше Астанадан «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев бастаған бір топ теміржол басшылығы келіп, қайғылы оқиғаға қатысты. Маңғыстау ЖТ және магистральдық желі бөлімшелері басшыларының, өңір әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен үлкен жиын өткізді. Бұл жиналыстың мақсаты – төтенше оқиғаның орын алуы себептерін, кінәлі адамдарды анықтау, теміржолшылар тарапынан қандай қателікке жол берілді, тағысын тағы мәселелерді талқылау болатын. Қолдағы бар соны деректерге сүйенсек, оқиға орын алған өткел күзетілетіндер қатарында. Ондағы шлагбаум автоматты түрде ашылып-жабылады екен. Алайда, сол күні шлагбаум істен шығып, жабылмай тұрған. Бірақ, жол қозғалысы ережесі бойынша көлік жүргізушісі темір жол өткеліне келгенде тоқтап, локомотивтің жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс. Оның үстіне бағдаршамда қызыл белгісі жанып тұрған. Бұл туралы Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директоры Н.Ғұбашев былай дейді:
–Өте қайғылы оқиға орын алды. Мұның бәрі жол қозғалысы ережесін көлік жүргізушісінің өрескел бұзуынан болды. 13 адамдық Газельге 36 адам тиеп алған. Үш есе адамды көп тиеп алған автокөліктің келе жатқан тепловоздың алдын қиып өтпек болғаны жүргізушінің сауатсыз әрекетін көрсетсе керек. Тепловоздың лентасында машинистің шұғыл тежегіш басқаны анықталып отыр. Және де өткел кезекшісі шлагбаум істемей қалған күнде келе жатқан көлікті көріп, оған жолдан өтуге тиым салған белгі беру керек еді. Қазір өткел кезекшісі уақытша қамауда. КІІБ тергеу жүргізіп жатыр.
Бөлімше басшысы сөзінен белгілі болғандай, Жаңаөзен қаласының әкімшілігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы атына оқиға салдарынан зардап шеккендерге ақшалай көмек беру туралы хат жолдапты. Хатта үш тізім берілген. Біріншісі, қайтыс болған отбасыларына көмек, екіншісі ауыр жарақат алғандарға, үшіншісі, жеңіл-желпі жарақат алушыларға ақшалай көмек екен. Қазір Компания зардап шегушілерге қаржылау көмек көрсету жағын қолға алған. Бұл оқиға қатысты Маңғыстау өңірінде бірнеше талқылау жиындары өтіп жатыр. Әр сала өзіне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Газельмен соқтығысқан тепловоз қазір жөндеуге жіберілген. Оған келген шығын сомасы әзірге белгісіз. Өңірдегі жиналыстардың қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, кейін Астанада кеңейтілген талқылау жиналысы өтеді деп күтілуде.
Шахида ЖҰМАН
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл