Иса Беркімбай
Жүк айналымы өсу үстінде
2 мин чтения
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк айналымы көрсеткіші тұтынушылар мен сұраныс иелерінің талап-тілектеріне сәйкес ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде ұдайы өсіп келеді.
Мысалы, биылғы қаңтардан қараша айына дейін жүк тиеу көлемі 8,2% өсті. Оның ішінде астық тиеу мөлшері 19% артты. Елішілік бағдардағы астық жоспардан 61% жоғары тиелді. Экспорттық бағдардағы жоспар 5% артығымен орындалды. Белгіленген мерзімде 2,7 миллион тонна ұн өнімдері тасымалданды. Ол жоспарлы тапсырмадан 15% артық.
Экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде Түркіменстанға (31%), Қытайға (18%), Өзбекстанға және Ресейге (12%), Қырғызстан (10%) аумағындағы темір жолдарына бағытталған.
Жүктерді импорттық бағдарда тасымалдау көлемі 17% өсті.
Ресей шекаралық теміржол өткелдерімен тасымалдау
(17%), Қытаймен (21%), Өзбекстанмен (18%), сондай-ақ Ақтау портымен (44%) Болашақ станциясымен (70%) арта түсті.
Биылғы 11 айда Қытай – Еуропа бағдарындағы контейнерлік пойыз ұйымдастыру 1,5 есеге артқан. Қазақстан аумағымен Еуропадан Қытайға қарай контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 1,9 есеге өсті. Негізгі транзиттік тасымал Ченду – Достық – Лодзь бағдарына өсе түскен.
Биылғы 11 айда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түрлі жүк тиеу 10 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде құрылыс материалдары – 25%, түсті кен өнімдері – 23%, химиялық, минералдық тыңайтқыштар жоспардағыдан 16% көп тасымалданды. Оның сыртында көмір тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға өскен.