«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк айналымы көрсеткіші тұтынушылар мен сұраныс иелерінің талап-тілектеріне сәйкес ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде ұдайы өсіп келеді. Мысалы, биылғы қаңтардан  қараша айына дейін жүк тиеу көлемі  8,2% өсті. Оның ішінде астық тиеу мөлшері  19%  артты. Елішілік бағдардағы астық жоспардан 61% жоғары тиелді. Экспорттық бағдардағы жоспар 5% артығымен орындалды.  Белгіленген мерзімде  2,7 миллион тонна ұн өнімдері тасымалданды. Ол жоспарлы тапсырмадан  15% артық. Экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде Түркіменстанға (31%), Қытайға (18%), Өзбекстанға және Ресейге (12%), Қырғызстан (10%) аумағындағы темір жолдарына бағытталған. Жүктерді импорттық бағдарда тасымалдау көлемі 17% өсті. Ресей шекаралық теміржол өткелдерімен тасымалдау  (17%), Қытаймен (21%), Өзбекстанмен (18%), сондай-ақ Ақтау портымен (44%) Болашақ станциясымен (70%) арта түсті. Биылғы 11 айда Қытай – Еуропа бағдарындағы контейнерлік пойыз ұйымдастыру 1,5 есеге артқан.  Қазақстан аумағымен Еуропадан Қытайға қарай контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 1,9 есеге өсті. Негізгі транзиттік тасымал Ченду –  Достық – Лодзь бағдарына өсе түскен. Биылғы 11 айда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түрлі жүк тиеу 10 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде құрылыс материалдары – 25%, түсті кен өнімдері – 23%, химиялық, минералдық тыңайтқыштар жоспардағыдан 16% көп тасымалданды. Оның сыртында көмір тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға өскен.

Иса Беркімбай