Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Ынталандыру – тиімді еңбек кепілі
1 мин чтения
Қызылорда жол дистанциясында жыл басынан бергі уақытта атқарылған жұмыстарды сарапқа салып, жылжымалы құрамдар қозғалысын сақтау шараларын арттырып, жылды жоғары деңгейде аяқтау мәселелерін қамтыған жиын өткізілді.
Жиында әрбір өндірістік телім жолшыларының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жіберілген кемшіліктердің қайталанбауы, олардың орындалу, белгіленген тапсырмалардың атқарылуы жайы және алдағы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту қатаң тапсырылды.
Сонымен дистанция директоры Дүйсенбай Әбдиев пен ұжымның кәсіподақ комитетінің төрайымы Ғалия Ноғайбаеваның қатысуымен жолшылардың өндірістік телімдерінің қысқа дайындығын әйгілейтін куәлік пен ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлық тапсырылды.
–Біздің дистанция жолшыларының ағымдағы жылдың тоғыз айлық жұмыс көрсеткіші бойынша орындар белгілеп, телімдер арасында бәсекелесіп жұмыс жасап, қаржылай сыйақы мен кубоктар телім ұжымы атынан телім басшыларына тапсырылды. Сонымен жоғары деңгейдегі дайындық, өндірістік жұмыстағы кедергілердің болмауы, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау барысында үлгілі жұмыстары үшін 1-орын 1-ші өндірістік телім басшысы Қожайбай Тілеулиевке, 2-орын 2-ші өндірістік телім басшысы Қайыржан Төлегеновке. 3-орын 6-шы өндірістік телім басшысы Мәлібек Сейдуалиевке тапсырылып, телімдер арасында өндірістік жұмысқа ынтаны арттыру, телімдер арасында бәсекелесе жұмыс жасап, сапаны арттыру үшін қосымша қаржылай ынталандыру сыйлығын бердік, – деді ұжымның кәсіподақ комитетінің төрайымы Ғалия Ноғайбаева.