Ынталандыру – тиімді еңбек кепілі   

Жаңалықтар
08.12.2017, 11:58
Қызылорда жол дистанциясында жыл басынан бергі уақытта атқарылған жұмыстарды сарапқа салып, жылжымалы құрамдар қозғалысын сақтау шараларын арттырып, жылды жоғары деңгейде аяқтау мәселелерін қамтыған жиын өткізілді.  Жиында әрбір өндірістік телім жолшыларының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жіберілген кемшіліктердің қайталанбауы, олардың орындалу, белгіленген тапсырмалардың атқарылуы жайы және алдағы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту қатаң тапсырылды. Сонымен дистанция директоры Дүйсенбай Әбдиев пен ұжымның кәсіподақ комитетінің төрайымы Ғалия Ноғайбаеваның қатысуымен жолшылардың өндірістік телімдерінің қысқа дайындығын әйгілейтін куәлік пен ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлық тапсырылды. –Біздің дистанция жолшыларының ағымдағы жылдың тоғыз айлық жұмыс көрсеткіші бойынша орындар белгілеп, телімдер арасында бәсекелесіп жұмыс жасап, қаржылай сыйақы мен кубоктар телім ұжымы атынан телім басшыларына тапсырылды. Сонымен жоғары деңгейдегі дайындық, өндірістік жұмыстағы кедергілердің болмауы, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау барысында үлгілі жұмыстары үшін 1-орын 1-ші өндірістік телім басшысы Қожайбай Тілеулиевке, 2-орын 2-ші өндірістік телім басшысы Қайыржан Төлегеновке. 3-орын 6-шы өндірістік телім басшысы Мәлібек Сейдуалиевке тапсырылып, телімдер арасында өндірістік жұмысқа ынтаны арттыру, телімдер арасында бәсекелесе жұмыс жасап, сапаны арттыру үшін қосымша қаржылай ынталандыру сыйлығын бердік, – деді ұжымның кәсіподақ комитетінің төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл