Мереке марапаттан бастау алды...   

Новости
15.12.2017, 11:42
Тәуелсіздік мерекесін семейлік теміржолшылар жылдағыша асыға күтіп, елдің алдымен атап өтті. Мереке құрметіне арналған салтанатты жиын барысында отандық теміржолдың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар марапат алып, мерейлері тасыды. Қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылған мерекелік басқосуға сала ардагерлері, барша теміржолшылар жиналған болатын. Салтанатты шараны Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев алғысөзбен ашып, жыл үлесіндегі жетістіктерге ықшам шолу жасап өтті. Сондай-ақ, жүк тасымалы мен қауіпсіздік шаралары бойынша жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге кеңінен тоқталып өтіп, теміржолшылардың егемен елдің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ал, жергілікті атқарушы билік атынан теміржолшыларды арнайы құттықтай келген қала әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева да өз тілегін білдіріп, ширек ғасырдан астам уақыт бұрын тәкелсіздігін алған ел үшін зор жетістіктерге жеткен Қазақстанның келешегі кемел екеніне кәміл сенімді екенін жеткізді.   Мұндай салтанатты шаралар марапатсыз өткен бе?!  Бұл жолы да еңбек бәсекесінде бағы жанып үздік атанған теміржолшылар түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, Семей станциясының пойыз құрастырушысы Мұхтар Алтайұлы Құрметті теміржолшы төсбелгісін өңіріне тақса, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен байырғы салалық кәсіподақ ардагері Серіктай Жүкенов марапатталды. Мұнымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың Құрметі грамотасымен ұлттық компания құндылықтарын адал ұстануы, жоғары кәсіби шеберлігі және ерекше сіңірген еңбегі үшін бөлімшенің кәсіподақ комитеті басшысы Асхат Жармұхаметов марапатталды.   Ал, өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев  жергілікті барша спортшылар атынан Алғыс хат алып және арнайы кубокты иеленді.   Мұнымен қатар, көптеген теміржолшылар қала әкімінің, салалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталып, мерейлері бір өсіп қалды. Ыстық ілтипатқа толы салтанатты кеш қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен әсем жалғастық тапты.

Қуаныш Қожаев, Семей      

Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе
Новости
09.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Регионы
09.09.2026
Профилактическую акцию «Безопасный переезд» провели в Караганде
Новости
09.09.2026
Объем перевозок по ТМТМ за 8 месяцев вырос на 22%
Инфраструктура
09.09.2026
Пост горочной автоматической централизации строят на станции Алтынколь
Регионы
09.09.2026
Железнодорожники и полиция провели рейды на ж/д переездах
Инфраструктура / Инфографика
09.09.2026
КТЖ обновило 5,5 тыс. км железнодорожных путей
Новости
08.09.2026
КТЖ и партнеры из Грузии обсудили развитие ТМТМ и логистической инфраструктуры
Новости
08.09.2026
Минтранс определил потребность в 31 новой профессии
Регионы
08.09.2026
Водителям напомнили о правилах проезда железнодорожных переездов в Соль-Илецке
Цифровизация
08.09.2026
В поездах КТЖ продолжается масштабное внедрение спутникового интернета
Новости
08.09.2026
КТЖ оказало помощь в ликвидации пожара в Кызылординской области
Новости
08.09.2026
Транспорт укрепляет транзитный потенциал страны
Новости / Архив
08.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №71 от 08 сентября 2026 года
Новости
08.09.2026
Руководство КТЖ встретилось с представителями SIPG и NIZE Intelligent Technology
Регионы
07.09.2026
Помощь к новому учебному году получили 20 многодетных семей на станции Караганда-Сортировочная
Грузовые перевозки
07.09.2026
Перевозки зерна нового урожая обсудили в КТЖ
Регионы
07.09.2026
Акция «Дорога в школу» прошла на станциях Оскеменского региона
Социум
07.09.2026
Более 30 сотрудников КТЖ вступили в книжный клуб BookStation