Жаңа басқару моделі енгізіледі

Новости
15.12.2017, 11:57
Шымкентте «ҚТЖ»ҰК»АҚ бойынша өндірісте қауіпсіздікті сақтаудың жаңа моделін енгізу бойынша конференция болып өтті. Бұл жаңа модельді енгізу жобасы «ҚТЖ»ҰК»АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жобалар портфеліне кіреді. Конференцияда Ұлттық компанияның Өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров, Қауіпсіздік қозғалысы департаментінің басшысы Ниязбек Жаңабаев, ОҚО еңбек қорғау бойынша бас инспектор Асхат Сейітқазин еңбек жұмысындағы қауіпсіздікті сақтау, өндірістегі жарақатты болдырмаудың жолдары, қазіргі таңдағы қауіпсіздік ережелерінің орындалуы жайлы әңгіме өрбітті. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының Еңбек қауіпсіздігі және экология департаментінің директоры Рашид Нұртазаев Ұлттық компаниядағы телеграфтық жұмыстың қорытындысы туралы баяндап берді. Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев өз саласына қатысты жылдың басынан бергі тоғыз ай жұмысының қорытындысына тоқталды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-дағы өндірістік қауіпсіздіктегі құрылымдық өзгерістер жайлы аталған қоғамның өндірістік қауіпсіздік және экология бойынша атқарушы директоры Айтым Құрақбаев айтып берді. Сонымен қатар маңызды басқосуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері Қадыржан Өтегенов аталған шаруашылықта өндірісте қауіпсіздікті сақтау бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, өз кезегінде «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ өндірістік қауіпсіздік филиалының бизнесті трансформациялау бағыты бойынша басқарушы директоры Николай Гармаев өндірістік қауіпсіздікті сақтау шараларының стандартты түрде өңделуі жайлы ойын білдірді. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің 2 дәрежелі бас менеджері Константин Колесников конференцияға қатысушыларға өндірістік қауіпсіздіктегі басқару жүйесі жайлы кеңінен баяндап берді. – Келесі жылдан бастап компанияда өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесінің жаңа моделі енгізіледі. Қаңтардан бастап барлық сараптама, статистика, тізім, аналитика автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Бұл арқылы атқарылған жұмысқа баға беру жеңіл болады. Жұмыс сапасын қорытындылау да оңайға түспек, – деді Ақболат Жағыпаров. Қауіпсіздік қозғалысы департаментінің директоры Ниязбек Жаңабаевтың айтуынша, осы жылдың 11 айында ұлттық компания бойынша 206 қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактісі тіркелген. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мен өнідірістегі жарақат алудың орын алуына байланысты бөлімшелерде атқарылған жұмыстарға балл беріледі. Мәселен, Қостанай жол бөлімшесі 29, Алматы 27,5, Ақмола 24,5, Шымкент 19, Жамбыл 18,5, Қарағанды 17,5, Павлодарлықтар 15 баллды құрап отыр. Негізі қауіпсіздік ережелерінің көп орны алуы, жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің төмен болуынан деді баяндамашы. Яғни, технологиялық процесс бойынша жұмысшыдан ереже, нұсқаулықты сақтау қатаң талап етілмейді. Осыдан кейін Ниязбек Төлеутайұлы әр бөлімшедегі вагондардың жолдан шығып, апатты жағдайдың орын алуына не себеп болғанын, кімнің кәнісінен екенін айтты. Одан кейін «ҚТЖ» - «Магистральді желі дирекциясының» Еңбек қауіпсіздігі және экология филиалының директоры Рашид Нұртазаев баяндамасында осы жылдың 9 айындағы жұмысқа анықтама берді. Соңғы екі айдың ішінде өндіріспен байланысты 7 жарақат алу жағдайы тіркелгенін, оның қалай орын алғанын деректермен келтірді. Маңғыстаулық жол монтері жол көлік апатына түскен. Транстелекомның эксперт маманы компьютермен жұмыс кезінде құлаған. Осындай мысалдар жетерлік. Екі ай аралығында теміржолмен қатар барлық еншілес компаниядағы қауіпсіздік бойынша басшылардың қатысуымен 23 селектрлік жиын болған. 204 жұмысшының еңбек қауіпсіздігі бойынша функционалды жауапкершілігі қаралған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша 165-тің ішінде жетпіске жуық еңбек және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты бірқатар маманның лауазымын қайта қарау керектігін де қозғады. Соңғы екі айда бас инженерлердің қатысуымен жүйелік деңгейде 31 тексеру өткен. Осы тақырыпты бірқатар өзекті мәселені қозғаған Рашид Нұртазаев еңбек қауіпсіздігі инженерлеріне сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі экология, метрлогия бойынша атқарылатын жұмыстардың да жүктелетініне тоқталды. Одан кейін жалпы еңбекті қорғау мен өндірістік жарақат алмаудың жолдары айтылатын қаншама селектрлік жиналыстардың болатынын, айлықтардың өтенінін деректермен, дәйектермен мысал етті. Бірінен кейін бірі сөз алған баяндамашылар да өз саласындағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, қорытынды жасады. Екі күнге жалғасқан конференцияда Астанадан келген тәжірибелі мамандар аймақтардан жиылған теміржолшыларға еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жаңа басқару моделіндегінің жүйесі жайлы шеберлік сабақтарын өткізді.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Регионы
07.08.2026
Железнодорожники спасли тонущую в Алаколе девушку
Новости
07.08.2026
Реконструкция вокзала Астана-1 ведется по графику
Новости
07.08.2026
Железнодорожники напомнили 150 детям правила безопасности в поездах и вблизи путей
Новости
07.08.2026
Порт Курык обработал почти 885 тысяч тонн грузов за полгода
Новости / Архив
07.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №62 от 07 августа 2026 года
Новости
06.08.2026
Вопросы противодействия коррупции обсудили в КТЖ
Регионы
06.08.2026
Памятник легендарного электровоза ВЛ60 появился в Сары-Шагане
Новости
06.08.2026
Долгосрочное сервисное обслуживание повышает надежность локомотивного парка КТЖ
Регионы
06.08.2026
Павлодарские железнодорожники проводят профилактику происшествий на путях
Регионы
06.08.2026
Костанайские железнодорожники продолжают акцию «Безопасный переезд»
Новости
05.08.2026
Железнодорожники провели профилактическую акцию «Безопасный переезд» на 53 железнодорожных переездах
Новости
05.08.2026
Казахстан увеличил экспорт зерна и муки почти на 13%
Новости
05.08.2026
Транспортные полицейские провели рейд на вокзале Астана-1
Новости
05.08.2026
Итоги работы в сфере регулируемых услуг за первое полугодие подвели в КТЖ
Регионы
05.08.2026
День работников железнодорожного транспорта отметили в Костанайском регионе
Регионы
04.08.2026
Около 150 карагандинских железнодорожников отметили государственными и отраслевыми наградами
Регионы
04.08.2026
Чествование лучших работников железнодорожной отрасли прошло в Усть-Каменогорске
Новости
04.08.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла на железнодорожном переезде станции Астана
Инфраструктура
04.08.2026
Рекорд суточной отсыпки земляного полотна установлен на строительстве железнодорожной линии Бахты – Аягоз
Новости
04.08.2026
Вопросы государственного транспортного контроля обсудили в Минтрансе