Жаңа басқару моделі енгізіледі
Жаңалықтар
15.12.2017, 11:57
Шымкентте «ҚТЖ»ҰК»АҚ бойынша өндірісте қауіпсіздікті сақтаудың жаңа моделін енгізу бойынша конференция болып өтті. Бұл жаңа модельді енгізу жобасы «ҚТЖ»ҰК»АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жобалар портфеліне кіреді.
Конференцияда Ұлттық компанияның Өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров, Қауіпсіздік қозғалысы департаментінің басшысы Ниязбек Жаңабаев, ОҚО еңбек қорғау бойынша бас инспектор Асхат Сейітқазин еңбек жұмысындағы қауіпсіздікті сақтау, өндірістегі жарақатты болдырмаудың жолдары, қазіргі таңдағы қауіпсіздік ережелерінің орындалуы жайлы әңгіме өрбітті. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының Еңбек қауіпсіздігі және экология департаментінің директоры Рашид Нұртазаев Ұлттық компаниядағы телеграфтық жұмыстың қорытындысы туралы баяндап берді. Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев өз саласына қатысты жылдың басынан бергі тоғыз ай жұмысының қорытындысына тоқталды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-дағы өндірістік қауіпсіздіктегі құрылымдық өзгерістер жайлы аталған қоғамның өндірістік қауіпсіздік және экология бойынша атқарушы директоры Айтым Құрақбаев айтып берді. Сонымен қатар маңызды басқосуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері Қадыржан Өтегенов аталған шаруашылықта өндірісте қауіпсіздікті сақтау бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, өз кезегінде «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ өндірістік қауіпсіздік филиалының бизнесті трансформациялау бағыты бойынша басқарушы директоры Николай Гармаев өндірістік қауіпсіздікті сақтау шараларының стандартты түрде өңделуі жайлы ойын білдірді. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің 2 дәрежелі бас менеджері Константин Колесников конференцияға қатысушыларға өндірістік қауіпсіздіктегі басқару жүйесі жайлы кеңінен баяндап берді.
– Келесі жылдан бастап компанияда өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесінің жаңа моделі енгізіледі. Қаңтардан бастап барлық сараптама, статистика, тізім, аналитика автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Бұл арқылы атқарылған жұмысқа баға беру жеңіл болады. Жұмыс сапасын қорытындылау да оңайға түспек, – деді Ақболат Жағыпаров.
Қауіпсіздік қозғалысы департаментінің директоры Ниязбек Жаңабаевтың айтуынша, осы жылдың 11 айында ұлттық компания бойынша 206 қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактісі тіркелген. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мен өнідірістегі жарақат алудың орын алуына байланысты бөлімшелерде атқарылған жұмыстарға балл беріледі. Мәселен, Қостанай жол бөлімшесі 29, Алматы 27,5, Ақмола 24,5, Шымкент 19, Жамбыл 18,5, Қарағанды 17,5, Павлодарлықтар 15 баллды құрап отыр. Негізі қауіпсіздік ережелерінің көп орны алуы, жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің төмен болуынан деді баяндамашы. Яғни, технологиялық процесс бойынша жұмысшыдан ереже, нұсқаулықты сақтау қатаң талап етілмейді.
Осыдан кейін Ниязбек Төлеутайұлы әр бөлімшедегі вагондардың жолдан шығып, апатты жағдайдың орын алуына не себеп болғанын, кімнің кәнісінен екенін айтты.
Одан кейін «ҚТЖ» - «Магистральді желі дирекциясының» Еңбек қауіпсіздігі және экология филиалының директоры Рашид Нұртазаев баяндамасында осы жылдың 9 айындағы жұмысқа анықтама берді. Соңғы екі айдың ішінде өндіріспен байланысты 7 жарақат алу жағдайы тіркелгенін, оның қалай орын алғанын деректермен келтірді. Маңғыстаулық жол монтері жол көлік апатына түскен. Транстелекомның эксперт маманы компьютермен жұмыс кезінде құлаған. Осындай мысалдар жетерлік. Екі ай аралығында теміржолмен қатар барлық еншілес компаниядағы қауіпсіздік бойынша басшылардың қатысуымен 23 селектрлік жиын болған. 204 жұмысшының еңбек қауіпсіздігі бойынша функционалды жауапкершілігі қаралған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша 165-тің ішінде жетпіске жуық еңбек және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты бірқатар маманның лауазымын қайта қарау керектігін де қозғады. Соңғы екі айда бас инженерлердің қатысуымен жүйелік деңгейде 31 тексеру өткен. Осы тақырыпты бірқатар өзекті мәселені қозғаған Рашид Нұртазаев еңбек қауіпсіздігі инженерлеріне сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі экология, метрлогия бойынша атқарылатын жұмыстардың да жүктелетініне тоқталды. Одан кейін жалпы еңбекті қорғау мен өндірістік жарақат алмаудың жолдары айтылатын қаншама селектрлік жиналыстардың болатынын, айлықтардың өтенінін деректермен, дәйектермен мысал етті.
Бірінен кейін бірі сөз алған баяндамашылар да өз саласындағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, қорытынды жасады.
Екі күнге жалғасқан конференцияда Астанадан келген тәжірибелі мамандар аймақтардан жиылған теміржолшыларға еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жаңа басқару моделіндегінің жүйесі жайлы шеберлік сабақтарын өткізді.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
Әлемде
15.07.2026
Өзбекстан мен Пәкістан Трансауған теміржолы жобасын жеделдетуді талқылады
Жаңалықтар
15.07.2026
Қызылорда станциясында теміржол мүлкінің сақталуы мен қауіпсіздігі талқыланды
Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды