Ұлы мәртебелі Қауіпсіздік

Новости
15.12.2017, 14:15
Теміржол мен қауіпсіздік қатар аталатын егіз ұғым. Өйткені, тиісті ережелер мен талаптар сақталмайтын болса қауіпті аймақтың қатері үдей түсері сөзсіз. Осы бағытта ел теміржолында қандай өзгерістер орын алып, жалпы болат жолда болып жатқан оқиғалар қандай жағдайға байланысты туындауда? Қауіпсіздіктің бұзылуын зерттеу, талдау жұмыстары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ ахуалдық орталығының бас менеджері Мұхит Байкенов айтып берді.   Оның айтуынша, қазірде ҚР инвестиция және даму министрлігі, ұлттық компанияның өндірістік қауіпсіздік департаментінде қауіпсіздік ережелерін тиімді жағына қарай өзгертуде көптеген жұмыстар жасалуда. Биыл 21 ақпанда ҚР ИДМ Жеңіс Қасымбектің қаулысы шықты. Бұл қаулы – «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту» туралы 2015 жылдың 26 наурызында шыққан №334 ҚР ИДМ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде болып отыр. –Бұл жердегі басты өзгеріс – классификаторлардың өзгеруі. Мәселен, бізде бұрын 6 классификатор болса, қазір ол 4-ке азайтылды. Нақты айтқанда, бұрын классификаторларға: күйреу, апат, жұмыста ерекше жағдайдағы ақаулықтың болуы, жұмыстағы ақаулық жағдайы, жұмыстағы қиындық, т.б жататын. Ал қазіргі төрт классификатор: күйреу, апат, оқиға және инцидент болып қалды. Мұның тиімділігі, күйреу, апат және оқиға бойынша тіркеу жұмыстарын ҚР ИДМ жүргізсе, инциденттерді ҚТЖ жүргізеді. Бұл жерде оқиға деген классификаторға – пойыздардың соғысуы, жолдан шығып кетуі жатады. Ал инцидентті анықтауда 31 тармақ бар, - дейді бас менеджер.          Тасымал үдерісіне қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігіне жауап береді.  Олар ұйымдастыру техникалық шараларын, нормативті сақтайды. Олардың жұмысына қатысты міндетті талаптар бар. Қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қадағалаушы қауіпсіздік департаменті және әрбір өңірде салалық қауіпсіздік департаменті ревизорлары қызмет етеді. Олар сол өңірдегі қауіпсіздік жағдайына ай сайын талдау жүргізіп, оны ұлттық компаниядағы ортақ компьютерлік желі АС-РБ, яғни Қауіпсіздік ревизорларының автоматтандырылған жүйесіне енгізіп отырады. Ахуалдық орталықтың талдауына теміржолдағы 10 шақты шаруашылық қызметіндегі қауіпсіздік жағдайы ілігеді. Атап айтар болсақ, жол, қозғалыс, вагон, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс, жолаушылар тасымалы, локомотив, күзет, жүк коммерциялық шаруашылықтары мен Қазтеміртранс қызметтері қамтылған.   –Қауіпсіздік мәселесі Қазақстан темір жолында тәуліктің кез-келген уақытында бірінші сұралып, бірінші қадағаланатын жұмыс. Таңертең тоғызда жұмысқа кіріскеннен қауіпсіздік жағдайы алдымен талданады. Әр аптаның сейсенбі күні ұлттық компанияның басшыларының бастауымен қауіпсіздік мәселесіне арнап жиын өткізеді, есеп алады, - дейді М. Байкенов. Сонымен биыл 10 ай талдауы бойынша,  ҚТЖ-да 191 қауіпсіздік бұзушылық орын алған екен. Оның ішінде 1 апат, 30 оқиға: екі жағдайда пойыздар соғысып, 28 рет қозғалмалы бірліктер жолдан шығып кеткен, 160 инцидент болған. Апат,  оқиға деген бұзушылықтардың болуы себебін талдағанда, басты кінә - адами фактор, яғни, персонал біліксіздігі себебінен болған, оның ішінде кадрлар мен оқыту сапасының төмендігі, техникалық үдеріс талаптарын сақтамау бар. ТҮ талаптарын сақтамау фактісі - 19 жағдай, сапасыз оқыту - 2, кадр сапасының төмендігі - 2 жағдай болып тіркелген.   Ал 160 инцидент 18 позицияда көрсетілген, 1 жағдайда бос емес жолда пойыз қабылдау болған, техникалық жарамсыздыққа байланысты вагон жүретін жолдан бөлек ағытып әкетілген жағдай орын алған, бұған қоса тыйым салынған белгіге өтіп кету және жолда жүктің құлау оқиғалары тіркелген. Локомотив жарамсыздығы - 2 факті, жолда жұмыс жүріп жатқандығы туралы белгі қойылмағандығынан да кемшіліктер болды. Сондай-ақ вагонның ағытылуы - 3, жылжымалы құрамнан болт, бұранда сынды бөлшектері түсіп қалуы – 1, жарық сөніп қалуына байланысты техникалық ақаулармен пойыз бір сағаттан астам кешіктіріліп, тұрып қалған жағдай - 8 рет болған. Малды қағу салдарынан жылжымалы құрамның зақымданып, оны пойыздан ағыту талап етілген жағдай,  вагондарды жүк пойызынан ағыту бір-бірден, ауа-райы әсерінен - 4 , жылжымалы құрамның және жол үсті құрылысының өртенуінен - 2, табиғи факторлардың немесе бөгде адамдардың іс-әрекетінен, жол үсті құрылысы бұзылу салдарынан - 3, бөгде адамдардың темір жолға заттарды қою салдарынан - 3, қозғалыс қауіпсіздігінен және өзге де бұзушылықтардан - 14 факті тіркелген. Мұхит Құлжамбайұлының айтуынша, қауіпсіздік ережелерінің ішінде ең көп бұзылатыны – пойыздың адамдарды басып кету жағдайы екен. Биыл 10 айда мұндай жағдай 97 рет болыпты. Оның себептері әр түрлі, суицид те бар, ішімдік ішіп те, басқа жағдайлармен адамдардың поызға басылу оқиғалары орын алған. Ал өткелдердегі жол-көлік оқиғасы 14 рет бұзылған. Мұндай фактілердің бәріне көлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуы себеп болған.  –Өте өкінішті. Күзетілмелі өткелдердің өзінде шлагбаумның түсіп бара жатқанын немесе белгі беру құралдарының өткелден өтуге тыйым салып тұрғанын көріп тұрып, соның арасында көлігімен зуылдап өте шығатындар, күзетілмейтін өткелдерде ережеге сай СТОП белгісіне тоқтамайтындар көп. Тіпті көз алдында өтіп жатқан пойызға барып соғылған көлік жүргізушілері де болды. Мәселен, өткенде Шымкентте электровозды КАМАЗ көлігінің келіп соғып құлатуы соған дәлел, - деді бас менеджер.    Ал шаруашылықтар бойынша қауіпсіздік ережелері жол және қозғалыс шаруашылығында ең көп бұзылады екен. Мәселен, жол шаруашылығы бойынша ереже бұзылған 97, қозғалыс шаруашылығында 51 факті тіркелген. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы немесе бұзылуын балдық жүйемен бағалауда аймақтық ЖТ - Жүк тасымалы бөлімшелері бойынша ең көп бұзушылық Қостанай, Ақмола және Алматы бөлімшелеріне тиесілі екендігі мәлім болды. Бұл көрсеткіште ең аз бұзушылық Орал теміржол бөлімшесі еншісінде екен. Магистральдық желі бөлімшелері бойынша қауіпсіздік талаптарының сақталмау көрсеткіші Алматы, Шымкент, Жамбыл, Ақмола, Павлодарда жоғары екендігі айтылды.  Тағы бір айта кетерлігі, халық саны көп, адамдар тығыз шоғырланғандықтан  Алматы мен Шымкент теміржолында адам басу оқиғалары көп дейді маман.          Аталған мерзім ішінде 4032 тыйым салу шаралары қолданылған. Атап айтқанда, соның ішінде ең көп - 2382 тыйым салу шарасы жол шаруашылығына қолданылса, одан кейінгі орындарда локомотив шаруашылығына - 855,  жолаушылар тасымалына -160, вагон шаруашылығына - 635, байланыс саласына   - 115  шара берілген. –Тыйым салу шаралары дегеніміз не? Мысалы, қауіпсіздік департаментінің өңірлік салалық ревизорлары жолды тексеріп жүріп, сол жерден бір кемшілік тапса, мәселен, сол сәтте аталған телімде пойыздың жылдамдығы сағатына 80 км емес 60 км болу керек деп тапса, соны актпен бекітіп, дереу диспетчерге айтып, ол радиобайланыс арқылы локомотив бригадасына хабар береді. Сөйтіп сол жердегі ақаулық ретке келтірілгенше, аталған телімде жылдамдық арттыруға тыйым салынады, - деп түсіндірді М. Байкенов.        Осындай ретпен биыл 10 ай ішінде жүгі бар 635 вагон тоқтатылған. Олардың бәрі де жөнделіп, қайта іске қосылған. Ревизорлар сонымен қатар 302 жолды, соның ішінде 21 бас жолды, 137 қабылдап-жөнелту жолын, 144 басқа жолдарды жапқан. 628 бағыттамалы бұрманы да жауып,  1452 жағдайда жылдамдыққа шектеу қойылған екен.   Жоғарыда атап өткендей ҚТЖ-да орын алған 191 бұзушылыққа байланысты 39 шара қабылданып, жоспарланыпты. Оның өзі орындалу барысында 326 тармақтан тұрады. Әрбір бұзушылыққа байланысты қозғалыс үдерісінің иесі материал дайындайды. Ахуалдық орталық әр шаруашылыққа бұзушылыққа байланысты құжаттарды талдап, ұсынымдар береді. Өндірістік  қауіпсіздікке қатысты құжаттар саласында ең үлкені өндірістік қауіпсіздік бойынша басшылық басқару жүйесі және 5 стандарт енгізілді, соның ішінде төтенше жағдайларға байланысты ескерту және жою стандарты, екінші стандарт – оқиғаны оның түп себептерін анықтау арқылы басқару. Одан бөлек мінез-құлық бойынша диалог - қауіпсіздік стандарты, мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті басқару стандарты, қауіптілікті сәйкестендіру және экологиялық аспектілерінің, оларды бағалау және тәуекелдерді басқару саласындағы өндірістік қауіпсіздік стандарты. Осындай ахуалды қадағалап, талдап отырған орталықтың мамандары әр күн, әр апта, әр ай, әр тоқсан, жыл сайын жинаған деректер негізінде теміржол шаруашылықтарының қызметіне талдау жасап, ұсынымдар беру арқылы қауіпсіздікті нығайтуға өз үлестерін қосып отыр. Бұл үдерісте әрине, барлық теміржолшының өзіндік салмағы, жауапкершілігі бар.

Райхан РАХМЕТОВА

Новости
15.07.2026
Руководство КТЖ провело серию двусторонних встреч с китайскими партнерами на бизнес-форуме в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ подписало пакет соглашений с китайскими партнерами в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ внедрило цифровую автоблокировку на 1 056 км железнодорожных линий
Регионы
15.07.2026
Условный пожар потушили в Карагандинском вагонном эксплуатационном депо
Регионы
15.07.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило плановые показатели за первое полугодие
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»
Новости
14.07.2026
КТЖ проводит благотворительную акцию «Соберем детей в школу»
Новости
14.07.2026
КТЖ запустило отечественную платформу KTZ Cargo Reporting для аналитики грузовых перевозок
Новости
14.07.2026
Акмолинский филиал Казпрофжел подвёл итоги и обсудил применение ИИ
Новости
14.07.2026
Сервис сопровождения пассажиров с инвалидностью внедрили на 64 вокзалах Казахстана
Новости / Архив
14.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №53 от 14 июля 2026 года
Грузовые перевозки
13.07.2026
Новые сортировочные пути увеличили мощность терминала Khorgos Gateway на 48%
Регионы
13.07.2026
Руководство КТЖ поручило ускорить реконструкцию вокзалов Семей, Аягоз и Актогай
Регионы
13.07.2026
Карагандинские железнодорожники приняли участие в конкурсе «Государственный язык — символ Независимости»
Грузовые перевозки
13.07.2026
Почти 6,8 миллиона тонн грузов перевезено через станцию Алтынколь с начала года
Инфраструктура
13.07.2026
Сроки строительства железнодорожной линии Бахты – Аягоз взяты на особый контроль
Пассажирские перевозки
10.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» перевезло более 992 тыс. пассажиров в Алматы
Регионы
10.07.2026
Реконструкция железнодорожной пассажирской платформы завершена в Темиртау
Регионы
10.07.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла на станции Кушмурун