Сексеуіл мен Қоскөлдің арасында…

Новости
15.12.2017, 14:20
Ел экономикасын өркендетуге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысында 2014 жылдың тамыз айында Елбасы пәрменімен пайдалануға берілген Бейнеу – Жезқазған темір жолының жалпы ұзындығы 272 шақырымдық Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарайды. Бүгінде телім бойымен тәулігіне 5-6 жұп жүк пойыздары жүйткуде… Жаңа жолмен жүк пойыздарынан бөлек, жергілікті тұрғындардың қатынасы үшін №617-618 Қызылорда-Жезқазған жолаушылар пойызы мен айына 4 мәрте Сексеуіл-Қоскөл бағытында жұмысшы пойызы да жүріп жатыр.  Қазіргі таңда бөлімшенің батыс солтүстігіндегі кезінде бөкендер мекен етіп, көшпелі барқан құм суырған аңызақ желдің үнін біріне-бірі тізбектелген теміржол керуені доңғалақтарының дыбысы алмастырып, өңірге жаңа тіршіліктің дәні себілді. Кешегі шөлейтті, қиян даланың белін буып жаңа заманға бейімделуге шақырған беубеу тәрізді болатжол төселіп, Шығыс пен Батысты жалғайтын тағы бір төте жол салынуы – ел экономикасының қуаттылығын арттырып, отандық теміржолдың тынысын ашатын тиімді жоба болумен қатар, аймақ халқының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне шырай кіргізгені анық. Бүгінде телім бойында жұмыс жасап жүргендердің бәрі жергілікті тұрғындары. «Жол жағалағанның өзегі талмас» демекші, жаңадан ашылған станция мен бекеттерде қаншама адам жұмыс тауып, отбасы нәпақасын айырып, жүздеген жандардың күнкөріс көзіне айналды. Бекеттер мен өндірістік нысандар Сексеуіл – Қоскөл телімі бойында шекаралық Қоскөл станциясынан өзге Қарашеген, Абай, Промежуточная деп аталатын 3 станция мен 10 бекет бой көтерді. Телімнің инженерлік-инфрақұрылымы жасалып, вокзал ғимараттары мен әлеуметтік нысандармен қатар көпір, су өткізу құбырлары, жол өтпелері секілді 154 жасанды құрылыс нысаны бой көтеріп, өндірістік ғимараттар бүгінде жүк және жолаушы тасымалына қызмет жасап тұр. Станция мен бекеттердегі қабылдап-жөнелту жолдарына 73 шартты бірлікті ұзынқұрамдар емін-еркін сияды.  Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қызмет жасау үшін жаңадан Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы мен Сексеуіл жол дистанциясы құрылып, телімде жұмыс жасауда. – Қазіргі таңда «Қарашеген», «Абай», «Промежуточная» станциялары мен №15-бекетте бір-бірден қос пәтерлі тұрғын үйлер вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын теміржолшылардың игілігіне берілген, ал қалған бекеттерде қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген модульдер қойылған. Телімдерде электр қуатымен қамтитын 3 постанция және құрылғылар жұмысына Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының Құрметті теміржолшы Есім Тұрсынбаев басшылық жасайтын 21 электромеханигі мен 20 электромонтері жауапты. Қазалы вагон пайдалану депосының 25 вагон қараушысы, Сексеуіл мен Жезқазған станциясы аралығындағы жол күтімін жасайтын Сексеуіл жол дистанциясында еңбек ететін 220 жол жөндеушілер жұмысы  телімде қозғалыс қауіпсізідігін толық қамтамасыз етіп отыр, – дейді Сексеуіл – Қоскөл телімінің учаскелік ревизоры Айділда Наурызәлиев. Жүк тасымалында контейнерлік пойыздар құрамы бөлімшенің осы Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінде басымдыққа ие. Биылғы он ай ішінде бөлімше бойынша өткізілген 1567 контейнерлік пойыздың, өткен жылдың сәйкес мерзімінде өткен 959 контейнерлік пойыздың 700-ден астамы осы теліммен өткен. Пойыздардың маршруттық жылдамдығы тәулігіне орташа есеппен 846,0 км/сағат болып белгіленсе, іс жүзінде 1072,44 км/сағатқа өскен. Қарашеген станциясы Жаңа телім бойындағы Қарашеген станциясында кілең жастар жұмыс жасауда. Станция бастығының міндетін атқарушы Ерлан Шүренов теміржолшылар әулетінің өкілі, алғаш жұмысын осы телім бойында бағыттама қосынында кезекшісі болып бастаған екен. Жас болса да телім бойында тәжірибе жинап үлгерген маман қазірде бекеттегі барлық жұмысқа басшылық етеді, станция кезекшісі, жолшы, вагон қараушы секілді сала мамандарының жұмысын үйлестіріп отыр. Бүгінгі кезекте жүрген станция кезекшісі Ербол Сейсенбаев, бағыттама қосыны кезекшісі Нұлан Орекешов және КТСМ құрылғысымен вагондарды бақылап жүрген вагон қараушы Аймұрат Әлмұратұлы  қай-қайсысы болса да  тәжірибелі теміржолшылар  қатарынан саналады. –Сексеуіл – Қоскөл телімінің салынуы өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне ерекше серпін берді. Жаңа жобаның экономикалық-әлеуметтік маңызын ең алдымен осы тармақтың бойында жатқан өңірдің халқы сезінгені де рас. Шойын жол салына бастаған кезден пайдалануға берілгенге дейін де  қаншама адам жұмыспен қамтылды, темір жол салынуымен өңір халқының ертеңгі күнге деген сенімі арта түсті, – Қызылорда бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Бимұратов. Теміржолшылар – жергілікті тұрғындар Жол пайдалануға берілген күннен бастап жаңа телімде қызмет көрсететін штат толықтай жасақталған. Станция және бекет кезекшілері – 62 адам, бұрма постының кезекшілері – 93 адам, 3 станция бастығы мен 1 учаскелік қауіпсіздік ревизоры, барлығы 159 адам жұмыспен қамтылыпты.  Персоналды басқару бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жұмысқа қабылданғандардың түгелі дерлік жергілікті тұрғындар. Әсіресе, темір жол бойында жатқан Сексеуіл, Абай, Атанши, Шижаға ауылдарының тұрғындары қамтылыпты.  Ағымдағы жылы Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінің жұмысына тағы 12 теміржолшы қабылданып,  олар арнайы пысықтау, шыңдау дәрістерінен өтіп, тәжірибелі теміржолшыларға бекітіліпті. Бекеттер, оның ішінде теміржолшылар отбасы қысқы көмір-отынмен толық қамтамасыз етілген,  ал ауыз су тапсырыспен 10 күн сайын «су керуенімен» жеткізіледі екен.

Сабырхан Нәдірбай, Қарашеген станциясы

Новости
15.07.2026
Руководство КТЖ провело серию двусторонних встреч с китайскими партнерами на бизнес-форуме в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ подписало пакет соглашений с китайскими партнерами в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ внедрило цифровую автоблокировку на 1 056 км железнодорожных линий
Регионы
15.07.2026
Условный пожар потушили в Карагандинском вагонном эксплуатационном депо
Регионы
15.07.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило плановые показатели за первое полугодие
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»
Новости
14.07.2026
КТЖ проводит благотворительную акцию «Соберем детей в школу»
Новости
14.07.2026
КТЖ запустило отечественную платформу KTZ Cargo Reporting для аналитики грузовых перевозок
Новости
14.07.2026
Акмолинский филиал Казпрофжел подвёл итоги и обсудил применение ИИ
Новости
14.07.2026
Сервис сопровождения пассажиров с инвалидностью внедрили на 64 вокзалах Казахстана
Новости / Архив
14.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №53 от 14 июля 2026 года
Грузовые перевозки
13.07.2026
Новые сортировочные пути увеличили мощность терминала Khorgos Gateway на 48%
Регионы
13.07.2026
Руководство КТЖ поручило ускорить реконструкцию вокзалов Семей, Аягоз и Актогай
Регионы
13.07.2026
Карагандинские железнодорожники приняли участие в конкурсе «Государственный язык — символ Независимости»
Грузовые перевозки
13.07.2026
Почти 6,8 миллиона тонн грузов перевезено через станцию Алтынколь с начала года
Инфраструктура
13.07.2026
Сроки строительства железнодорожной линии Бахты – Аягоз взяты на особый контроль
Пассажирские перевозки
10.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» перевезло более 992 тыс. пассажиров в Алматы
Регионы
10.07.2026
Реконструкция железнодорожной пассажирской платформы завершена в Темиртау
Регионы
10.07.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла на станции Кушмурун