Сексеуіл мен Қоскөлдің арасында…
Жаңалықтар
15.12.2017, 14:20
Ел экономикасын өркендетуге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысында 2014 жылдың тамыз айында Елбасы пәрменімен пайдалануға берілген Бейнеу – Жезқазған темір жолының жалпы ұзындығы 272 шақырымдық Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарайды. Бүгінде телім бойымен тәулігіне 5-6 жұп жүк пойыздары жүйткуде…
Жаңа жолмен жүк пойыздарынан бөлек, жергілікті тұрғындардың қатынасы үшін №617-618 Қызылорда-Жезқазған жолаушылар пойызы мен айына 4 мәрте Сексеуіл-Қоскөл бағытында жұмысшы пойызы да жүріп жатыр. Қазіргі таңда бөлімшенің батыс солтүстігіндегі кезінде бөкендер мекен етіп, көшпелі барқан құм суырған аңызақ желдің үнін біріне-бірі тізбектелген теміржол керуені доңғалақтарының дыбысы алмастырып, өңірге жаңа тіршіліктің дәні себілді. Кешегі шөлейтті, қиян даланың белін буып жаңа заманға бейімделуге шақырған беубеу тәрізді болатжол төселіп, Шығыс пен Батысты жалғайтын тағы бір төте жол салынуы – ел экономикасының қуаттылығын арттырып, отандық теміржолдың тынысын ашатын тиімді жоба болумен қатар, аймақ халқының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне шырай кіргізгені анық. Бүгінде телім бойында жұмыс жасап жүргендердің бәрі жергілікті тұрғындары. «Жол жағалағанның өзегі талмас» демекші, жаңадан ашылған станция мен бекеттерде қаншама адам жұмыс тауып, отбасы нәпақасын айырып, жүздеген жандардың күнкөріс көзіне айналды.
Бекеттер мен өндірістік нысандар
Сексеуіл – Қоскөл телімі бойында шекаралық Қоскөл станциясынан өзге Қарашеген, Абай, Промежуточная деп аталатын 3 станция мен 10 бекет бой көтерді. Телімнің инженерлік-инфрақұрылымы жасалып, вокзал ғимараттары мен әлеуметтік нысандармен қатар көпір, су өткізу құбырлары, жол өтпелері секілді 154 жасанды құрылыс нысаны бой көтеріп, өндірістік ғимараттар бүгінде жүк және жолаушы тасымалына қызмет жасап тұр. Станция мен бекеттердегі қабылдап-жөнелту жолдарына 73 шартты бірлікті ұзынқұрамдар емін-еркін сияды. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қызмет жасау үшін жаңадан Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы мен Сексеуіл жол дистанциясы құрылып, телімде жұмыс жасауда.
– Қазіргі таңда «Қарашеген», «Абай», «Промежуточная» станциялары мен №15-бекетте бір-бірден қос пәтерлі тұрғын үйлер вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын теміржолшылардың игілігіне берілген, ал қалған бекеттерде қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген модульдер қойылған. Телімдерде электр қуатымен қамтитын 3 постанция және құрылғылар жұмысына Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының Құрметті теміржолшы Есім Тұрсынбаев басшылық жасайтын 21 электромеханигі мен 20 электромонтері жауапты. Қазалы вагон пайдалану депосының 25 вагон қараушысы, Сексеуіл мен Жезқазған станциясы аралығындағы жол күтімін жасайтын Сексеуіл жол дистанциясында еңбек ететін 220 жол жөндеушілер жұмысы телімде қозғалыс қауіпсізідігін толық қамтамасыз етіп отыр, – дейді Сексеуіл – Қоскөл телімінің учаскелік ревизоры Айділда Наурызәлиев.
Жүк тасымалында контейнерлік пойыздар құрамы бөлімшенің осы Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінде басымдыққа ие. Биылғы он ай ішінде бөлімше бойынша өткізілген 1567 контейнерлік пойыздың, өткен жылдың сәйкес мерзімінде өткен 959 контейнерлік пойыздың 700-ден астамы осы теліммен өткен. Пойыздардың маршруттық жылдамдығы тәулігіне орташа есеппен 846,0 км/сағат болып белгіленсе, іс жүзінде 1072,44 км/сағатқа өскен.
Қарашеген станциясы
Жаңа телім бойындағы Қарашеген станциясында кілең жастар жұмыс жасауда. Станция бастығының міндетін атқарушы Ерлан Шүренов теміржолшылар әулетінің өкілі, алғаш жұмысын осы телім бойында бағыттама қосынында кезекшісі болып бастаған екен. Жас болса да телім бойында тәжірибе жинап үлгерген маман қазірде бекеттегі барлық жұмысқа басшылық етеді, станция кезекшісі, жолшы, вагон қараушы секілді сала мамандарының жұмысын үйлестіріп отыр. Бүгінгі кезекте жүрген станция кезекшісі Ербол Сейсенбаев, бағыттама қосыны кезекшісі Нұлан Орекешов және КТСМ құрылғысымен вагондарды бақылап жүрген вагон қараушы Аймұрат Әлмұратұлы қай-қайсысы болса да тәжірибелі теміржолшылар қатарынан саналады.
–Сексеуіл – Қоскөл телімінің салынуы өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне ерекше серпін берді. Жаңа жобаның экономикалық-әлеуметтік маңызын ең алдымен осы тармақтың бойында жатқан өңірдің халқы сезінгені де рас. Шойын жол салына бастаған кезден пайдалануға берілгенге дейін де қаншама адам жұмыспен қамтылды, темір жол салынуымен өңір халқының ертеңгі күнге деген сенімі арта түсті, – Қызылорда бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Бимұратов.
Теміржолшылар – жергілікті тұрғындар
Жол пайдалануға берілген күннен бастап жаңа телімде қызмет көрсететін штат толықтай жасақталған. Станция және бекет кезекшілері – 62 адам, бұрма постының кезекшілері – 93 адам, 3 станция бастығы мен 1 учаскелік қауіпсіздік ревизоры, барлығы 159 адам жұмыспен қамтылыпты. Персоналды басқару бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жұмысқа қабылданғандардың түгелі дерлік жергілікті тұрғындар. Әсіресе, темір жол бойында жатқан Сексеуіл, Абай, Атанши, Шижаға ауылдарының тұрғындары қамтылыпты. Ағымдағы жылы Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінің жұмысына тағы 12 теміржолшы қабылданып, олар арнайы пысықтау, шыңдау дәрістерінен өтіп, тәжірибелі теміржолшыларға бекітіліпті. Бекеттер, оның ішінде теміржолшылар отбасы қысқы көмір-отынмен толық қамтамасыз етілген, ал ауыз су тапсырыспен 10 күн сайын «су керуенімен» жеткізіледі екен.
Сабырхан Нәдірбай, Қарашеген станциясы
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты