Миссиясы – өрттен қорғау

Новости
15.12.2017, 16:58
Теміржол саласында өртке қарсы қызметтің тарихы сонау патшалық ресей теміржолынан бастау алады. Күні бүгінге дейін  өртке қарсы жасақтар теміржолды тілсіз жаудан қорғау миссиясын абыроймен атқарып келеді. Қызылорда өртке қарсы қызмет жасағының басшысы  Ғалымжан Табынбаев міне, жиырма жыл – осы саланың  ыстық-суығын  татып  келеді екен. Алматы теміржол институтын бітірген соң  еңбек жолын 1998 жылы Шымкент станциясындағы өртке қарсы қызмет жасағында бастаған ол сатылай өсіп, 2005 жылға дейін өртке қарсы қызмет пойызының басшысы, 2008 жылға дейін өртке қарсы қызмет жасағы басшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде көмекшісі міндеттерін  абыроймен атқарып, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда өртке қарсы қызмет жасағының басшысы қызметіне тағайындалады. Қазіргі таңда Ғалымжан Болтайұлы басқаратын жасақтың  аймақтағы Шиелі, Қазалы, Сексеуіл және Қызылорда станцияларында өртке қарсы қызмет пойыздары бар. Теміржол көлігінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларда авариялық-құтқару қызметін, оның алдын алу жұмыстарын жүргізе отырып жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет жасайтын және тоқсан сайын құрамдардың қызметке дайындығын пысықтап, тәжірибелерін жетілдіру үшін оқу-жаттығу алаңында қорғаныс киімдерімен тілсіз жаумен күресетін өрт сөндірушілер жұмысы аса сақтықты, тәжірибені, қырағылықты қажет етеді. Бірнеше рет тілсіз жаумен бетпе-бет күресте  шыңдалған  сырбойылық өрт сөндіруші сарбаздар ұжымы 2009- 2010 және 2011 жылдары қатарынан үш мәрте салалық жарыстың жүлдегері болып танылып, Ғалымжан Табынбаев 2011 жылы «Үздік басшы» атанады. Ал биылғы жылы «ҚР ІІМ ТЖ комитетінің құрметті ардагері» кеуде белгісімен маратталыпты.   Отыз алты жылдан аса уақыт ат үстінде жүрген Ғалымжан Болтайұлы жайлы  Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараев: «Қызметте әріптестеріне талап қоя білетін,  өрт сөндірушінің  іс-әрекетін бес саусақтай меңгерген, орын алу мүмкін төтенше жағдайдың алдын ала білу қабілеті мықты, тосын әрі қиын ситуациядан жол тауып шыға алатын шебер ұйымдастырушы», – деп сипаттама берді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Новости
12.09.2026
Пожарный поезд КТЖ привлекли для тушения степного пожара в СКО
Новости
11.09.2026
Заседание Совета ветеранов прошло в КТЖ
Новости
11.09.2026
Железнодорожники охватили акцией «Безопасный переезд» 127 переездов
Регионы
11.09.2026
Погрузка превысила 6,7 млн тонн за восемь месяцев в Акмолинском регионе
Регионы
11.09.2026
Условную аварию с утечкой серной кислоты ликвидировали на станции Караганда-Сортировочная
Регионы
11.09.2026
Железнодорожники провели профилактическую беседу со студентами Алматинского колледжа академии логистики и транспорта
Новости
11.09.2026
Мангистауское эксплуатационное вагонное депо признано «Үздік вагон депосы»
Новости
11.09.2026
Около 300 компаний примут участие в TransLogistica Kazakhstan 2026
Новости / Архив
11.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №72 от 11 сентября 2026 года
Новости
10.09.2026
КТЖ готовит железнодорожную инфраструктуру к работе в зимних условиях
Регионы
10.09.2026
Около 260 детей перевезены к местам летнего отдыха из Павлодарской области
КТЖ в лицах
10.09.2026
Более 350 лет верности: история железнодорожной династии Беркеновых
10.09.2026
КТЖ изменит тариф на передачу электрической энергии
Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе
Новости
09.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Регионы
09.09.2026
Профилактическую акцию «Безопасный переезд» провели в Караганде
Новости
09.09.2026
Объем перевозок по ТМТМ за 8 месяцев вырос на 22%
Инфраструктура
09.09.2026
Пост горочной автоматической централизации строят на станции Алтынколь
Регионы
09.09.2026
Железнодорожники и полиция провели рейды на ж/д переездах