Ерекше ауысымға түседі
Новости
05.01.2018, 11:17
Жылнаманың жаңа парағы – Жаңа жылды желтоқсанның 31 күні түнгі ауысымға түсетін Семей ЖТ бөлімшесінің диспетчерлік орталығының мамандары өзге ешбір мекемеде орын алмайтын ерекше көңіл күймен қарсы алуды жоспарлап отыр.
Бөлімше жүрегі саналатын диспетчерлік орталықтың шұғыл шаруашылық басқару бөлімінің жетекші инженері Зульфия Тәуірбекқызы жұмыс орындарында қарсы алатын жыл сайынғы, дәстүрлі түрдегі жаңа жыл кешінің биыл да айрықша көңілді өтетініне сенімді. Осынау күні ауысымда бес пойыз диспетчері, бір-бірден кезекші мен оператор және бір локомотив диспетчері жұмыс орнында болады.
Аталмыш орталық қызметінің жауапкершілігі, жұмыс ырғағы тым күрделі, өте ауыр. Сондықтан да, бір ауық бой жазып, көңіл сергіту мұнда жазылмаған заң. Қалыптасқан дағдыға сай бұл күні тәтті де дәмді мол дастархан жайылады. Оған бірінші кезекте аппараттағы қыз-келіншектер жауапты. Бір көк-сок әкелсе, бірі манты, бірі қазы-қартасын пісіріп әкеліп, дастархан жаңа жыл кеші өтетін көңілді орындардан еш айырмасы болмайды десе де болғандай. Сондықтан жаңа жылда ауысымға түсу тіпті талас екен.
Сағат тілі түнгі 12-ні көрсетіп, жыл парағы ауысқан сәтте орталыққа ең алғашқы «қонақтар» келе бастайды. Атап айтсақ, бөлімшеде түнгі жұмыста отырған НЖС-пен ЭЧ мен ШЧ диспетчерлері, АСУ бөлімінің операторы құттықтап келеді. Құттықтау демекші диспетчерлік аппарат осы түні ыстық лебіздердің ортасына айналады. Ең алдымен орталық қызметкерлеріне радио байланыс арқылы жолаушылар мен жүк пойыздарының машинистері ізгі тілектерін жолдайды екен. «Жол жүріп келе жатқан локомотив бригадаларының жүрекжарды тілектеріне «халал тост» көтереміз», – деп әзілдейді орталық диспетчерлері. Одан соң шалғайдағы шағын станциялар мен жол айрықтарындағы станция кезекшілерінің, ШЧ байланысшыларының лебіздері жетеді екен.
– Жай күндері жұмыс барысымен қызметтік тұрғыда тіл қатысып, ақ жол тілеп қана жүретін машинистерге біз де құттықтау жолдап, көңілдерін көтереміз, – дейді пойыз диспечері Ерболат Сәкенов.
Осы орайда айта кету ләзім, тәулік сайын жөнелтілетін немесе бөлімшенің ірі станцияларында құрастырылатын жылжымалы құрамдарды қадағалау бұл түні де қалтқысыз жүргізіледі. Яғни, жаңа жыл кешін диспетчерлер қауымы мәселен, Семей мен Дегелеңнен аттандырылған жүк пойыздарын Ақтоғай мен Локоть сынды түйіспелі станцияларға қабылдап алуға береді. Сонымен қатар жылжымалы құрамдарды жүріс кестесінен кідіртпеу, транзиттік пойыздарды қабылдап алу мен жөнелту де күн тәртібінен түспейді екен.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы