Ерекше ауысымға түседі   

Жаңалықтар
05.01.2018, 11:17
Жылнаманың жаңа парағы – Жаңа жылды желтоқсанның 31 күні түнгі ауысымға түсетін Семей ЖТ бөлімшесінің диспетчерлік орталығының мамандары өзге ешбір мекемеде орын алмайтын ерекше көңіл күймен қарсы алуды жоспарлап отыр.   Бөлімше жүрегі саналатын диспетчерлік орталықтың шұғыл шаруашылық басқару бөлімінің жетекші инженері Зульфия Тәуірбекқызы жұмыс орындарында қарсы алатын жыл сайынғы, дәстүрлі түрдегі жаңа жыл кешінің биыл да айрықша көңілді өтетініне сенімді. Осынау күні ауысымда бес пойыз диспетчері, бір-бірден кезекші мен оператор және бір локомотив диспетчері жұмыс орнында болады. Аталмыш орталық қызметінің жауапкершілігі, жұмыс ырғағы тым күрделі, өте ауыр. Сондықтан да, бір ауық бой жазып, көңіл сергіту мұнда жазылмаған заң.  Қалыптасқан дағдыға сай бұл күні тәтті де дәмді мол дастархан жайылады. Оған бірінші кезекте аппараттағы қыз-келіншектер жауапты. Бір көк-сок әкелсе, бірі манты, бірі қазы-қартасын пісіріп әкеліп,  дастархан жаңа жыл кеші өтетін көңілді орындардан еш айырмасы болмайды десе де болғандай. Сондықтан жаңа жылда ауысымға түсу тіпті талас екен. Сағат тілі түнгі 12-ні көрсетіп, жыл парағы ауысқан сәтте орталыққа ең алғашқы «қонақтар» келе бастайды. Атап айтсақ, бөлімшеде түнгі жұмыста отырған НЖС-пен ЭЧ мен ШЧ диспетчерлері, АСУ бөлімінің операторы құттықтап  келеді. Құттықтау демекші диспетчерлік аппарат осы түні ыстық лебіздердің ортасына айналады. Ең алдымен орталық қызметкерлеріне радио байланыс арқылы жолаушылар мен жүк пойыздарының машинистері ізгі тілектерін жолдайды екен.  «Жол жүріп келе жатқан локомотив бригадаларының жүрекжарды тілектеріне «халал тост» көтереміз», – деп әзілдейді  орталық диспетчерлері. Одан соң шалғайдағы шағын станциялар мен жол айрықтарындағы станция кезекшілерінің, ШЧ байланысшыларының лебіздері жетеді екен.  – Жай күндері жұмыс барысымен қызметтік тұрғыда тіл қатысып, ақ жол тілеп қана жүретін машинистерге біз де құттықтау жолдап, көңілдерін көтереміз, – дейді пойыз диспечері Ерболат Сәкенов.   Осы орайда айта кету ләзім, тәулік сайын жөнелтілетін немесе бөлімшенің ірі станцияларында құрастырылатын жылжымалы құрамдарды қадағалау бұл түні де қалтқысыз жүргізіледі. Яғни, жаңа жыл кешін диспетчерлер қауымы мәселен, Семей мен Дегелеңнен аттандырылған жүк пойыздарын Ақтоғай мен Локоть сынды түйіспелі станцияларға қабылдап алуға береді. Сонымен қатар жылжымалы құрамдарды жүріс кестесінен кідіртпеу, транзиттік пойыздарды қабылдап алу мен жөнелту  де күн тәртібінен түспейді екен.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл