Қырағылықты күшейте түседі
Новости
05.01.2018, 11:33
Маңғыстау станциясындағы жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында құзырлы мекеме өкілдері бірлескен рейдке шықты. Желтоқсандағы мерекелер, жыл соңына орай құзырлы орындар қырағылықты күшейте түскен.
Себебі белгілі, мейрам күндері қыдырып, ары бері босқан көпшілік кейде қауіпсіздікті ұмытып оқыс жағдай орын алатын осындай кез. Сондықтан Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің Маңғыстау станциясы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бас маманы А.Шарапатдинов бастаған теміржолшылар мен Ақтау станциясы ЖІІб өкілдері бірлесе өткізген рейд халықты алдын ала сақтандыру шараларын қамтыды.
– Рейдте станциялық жолдар мен сұрыптау паркінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін орнатылған арнайы белгілер, аншлагтар мен банерлердің талапқа сай болу, болмауы тексерілді. Нәтижесі жақсы. Көбісі биыл жаңартылған, жазулары анық көрініп тұр. Олар "Сақ болыңыз!", "Қызмет жолы", "Өміріңізге қауіпті!", "Темір жолдан белгіленген арнайы өткел жолдан өтіңіз!", "Темір жолмен жүру қауіпті!" "Пойыздан сақтан!", т.б. ескертулер. Десе де рейд барысында сондай ескертулерді де елемей, темір жолды кесіп бара жатқандар да кездесті. 5 адамға хаттама толтырылып, тиісті шара қолданылды, – деген А.Шарапатдиновтың айтуынша сол күні сондай-ақ станция кезекшісінің станциядағы маневрлік жұмыстары да қаралған. Әрбір маневрлік қозғалыс кезінде қауіпсіздік сақтау үшін кезекші парктік дыбыс күшейткішпен хабарлап, ескерту беріп отырған. Оған қоса станция іргесіндегі Маңғыстау, Дәулет, Қызылтөбе ауылдарындағы тұрғындар мен мектеп оқушыларына да түсінік жүргізілген. Оларға "Азаматтар! Темір жол – аса қауіпті аймақ, өзіңізді де, жақындарыңызды да сақтаңыз!" үлгідегі бүклеттер таратылған.
Шахизат Сарина,
Маңғыстау.
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык
Регионы
14.08.2026
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Алматинском отделении магистральной сети
Новости
14.08.2026
Глава ҚТЖ посетил маневровый пост электрической централизации и ознакомился с ходом строительства вокзала Астана-1
Новости / Архив
14.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №64 от 14 августа 2026 года
Новости
13.08.2026
Парк КТЖ пополнился 146 современными локомотивами с начала года
Новости
13.08.2026
Поломка автомобиля могла стать причиной ДТП на переезде
Новости
13.08.2026
Казахстан и Узбекистан прорабатывают меры по увеличению объемов грузоперевозок
Новости
13.08.2026
Казахстан и Узбекистан обсудили реализацию достигнутых соглашений в сфере транспорта и логистики
Регионы
13.08.2026
Капитальный ремонт завершили на двух участках ж/д путей в Костанайском регионе
Регионы
12.08.2026
Железнодорожный вокзал Түлкібас открылся после реконструкции
Регионы
12.08.2026
Рейд в рамках республиканской акции «Безопасный переезд» провели в Усть-Каменогорске
Новости
12.08.2026
Глава КТЖ ознакомился с локомотивным и пассажирским парком
Регионы
12.08.2026
Железнодорожники и транспортная полиция провели рейд на станции Караганозек
Спорт
11.08.2026
Глава КТЖ поздравил спортсменов компании с победой на Спартакиаде АО «Самрук-Қазына»
Новости
11.08.2026
Кедентранссервис организовал первую международную перевозку со 100% казахстанским содержанием
Новости
11.08.2026
Вопросы модернизации и реконструкции железнодорожных вокзалов обсудили в правительстве
Спорт
11.08.2026
Сборная КТЖ стала обладателем Кубка Спартакиады «Самрук-Қазына»
Новости / Архив
11.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №63 от 11 августа 2026 года