Шекара шебінде тұрған ауыл

Новости
26.07.2016, 16:47
Семей-Локоть телімінің 561,1 шақырымында, дәл Ресей-Қазақстан шекарасында орын тепкен ғасырдан астам тарихы бар Ауыл станциясында жүзге жуық теміржолшылар отбасы тұрады. Іргесі қаланғанына биыл 102 жыл толатын станция ғимараты сыңсыған орманның ішінде тұр. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен әскерилер салған ғимарат әлі де берік, еңселі.  Осынау тарихи нысанды бетке алып, күнде таңертеңгісін қалың өскен қарағай арасымен жаяу келетін станция бастығы  - Досан Әміровті бұл өңірде танымайтын адам жоқ. Атақты Әміровтер династиясының  өкілі  45 жылдық еңбек өтілінің 36 жылында осы станцияны басқарып келеді (!).  Ұзақ жылдардан бергі дағдысы осы, орыс орманы секілді қалың тал арасымен жұмысқа жаяу келіп-кеткенді жаны сүйеді, әрі денсаулыққа жақсы. Бүгін де міне, қырық жылғы дағдысы бойынша ерте тұрып, жұмысқа  бет алған станция бастығы жол-жөнекей талай жұмысты бітіріп келеді. Әлдебіреудің  бас жібіне оралып қалған бұзауын босатып жіберді,  күнделікті жүретін сүрлеуіне құлаған тал-дарақтарды алып тастап жолды тазартып келеді. Түнде қатты жел тұрып, артынан жаңбыр жауған, соның әсері шілденің күнінде де ағаш арасы сап-салқын.             Бүгінде Ауыл станциясында небәрі 8 адам еңбек етуде. Жұмыс күші аз болғанымен жауапкершілік аса жоғары. Станция дәл шекара түбінде орын тепкендіктен де мұнда жүк пойыздары мен жолаушылар пойыздары аялдап,  шекарашылардың тексеруінен өтеді. Транзиттік жылжымалы құрам белгіленген мерзімнен артық тоқтап тұрмауы тиіс. Көрші мемлекетке жөнелтілетін вагондар да қаңтарылмауы қажет. Оларды уақытында қабылдап, мерзімінде жөнелтудің станция басшысы ғана сезіне алатын өзіндік ауыртпашылығы бар. Бүгінде 4-ші класты станциядан тәулігіне 4 жұп жүк, 3 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Соның бәрін кестеге сай дер кезінде қарсы алып, шығарып салу, станция бастығынан бастап осы шағын ұжымның міндеті. –Бүгінге дейін қозғалыс қауіпсіздігін бұзып немесе біздің кінәмізден пойыз кестеден кешіккен жағдай орын алған жоқ, көрсеткіштеріміз де жаман емес, халықтың жағдайы жаман емес,  жуырда таза ауыз су жетіп, жергілікті тұрғындар үлкен қуанышқа кенелді. Станциядан басқа темір жол мекемелерін қосқанда халықтың еңбекке жарамды бөлігі бір ғасырдан бері ата кәсібімізге айналып кеткен темір жолмен тығыз байланысты, - дейді станция бастығы.                Шекара түбіндегі станциядан зейнетке  шығуды мақсат тұтатын  Досан Әміров шойын жол бойындағы алғашқы еңбек жолын 1971 жылы жол монтері болып маусымдық кезеңде жұмыс істеуден бастағанын есіне алды. Осында жүріп саланың қыр-сырына әбден қаныққан. Сосын Семейдегі теміржол училищесін бітіріп, кәсіби теміржолшы ретінде Суықбұлақ станциясында пойыз құрастырушы болады. Әйтседе, нағыз шыңдалу, өсу кезеңі Жарма жол дистанциясында еңбек еткен жылдары болыпты. 1980 жылы Ауыл станциясының бастығы болып тағайындалғалы бері  айналасын қарағайлы орман қоршаған, туған ұясындай болып кеткен осы жерден табан аударған емес. Содан бергі аралықта бір адамның ғұмыры дерлік 36 жыл өткен екен. Зейнеткерліктің ауылына да бір-екі жыл қалды. –«Ерінбеген етікші болады» дейді. Біздің жағдайымызда тек үзіліссіз адал еңбек қана абыройға жеткізеді. Қырағылық пен біліктілік – басты ұстанымымыз,  теміржол саласының бұлжымас заңдылығы осы,- дейді  қарамағындағыларға  «Қауіпсіздік, қауіпсіздік және қауіпсіздік...» деп күніне қырық қайталаудан жалықпайтын ардагердің бұл сөзін жастар жағы әзіл-шыны аралас «қанатты сөзге»  айналдырған.  Бір қызығы сол,тоғыз ағайынды Әміровтердің  тоғызы да  теміржолшы болыпты. 150 жылдан астам еңбек өтілі бар Әміровтер династиясының төртінші буыны бүгінде қатарда екенін мақтанышпен жеткізді шекара күзеткен ауылдың станция бастығы.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал