Шекара шебінде тұрған ауыл
Семей-Локоть телімінің 561,1 шақырымында, дәл Ресей-Қазақстан шекарасында орын тепкен ғасырдан астам тарихы бар Ауыл станциясында жүзге жуық теміржолшылар отбасы тұрады.
Іргесі қаланғанына биыл 102 жыл толатын станция ғимараты сыңсыған орманның ішінде тұр. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен әскерилер салған ғимарат әлі де берік, еңселі. Осынау тарихи нысанды бетке алып, күнде таңертеңгісін қалың өскен қарағай арасымен жаяу келетін станция бастығы - Досан Әміровті бұл өңірде танымайтын адам жоқ. Атақты Әміровтер династиясының өкілі 45 жылдық еңбек өтілінің 36 жылында осы станцияны басқарып келеді (!). Ұзақ жылдардан бергі дағдысы осы, орыс орманы секілді қалың тал арасымен жұмысқа жаяу келіп-кеткенді жаны сүйеді, әрі денсаулыққа жақсы.
Бүгін де міне, қырық жылғы дағдысы бойынша ерте тұрып, жұмысқа бет алған станция бастығы жол-жөнекей талай жұмысты бітіріп келеді. Әлдебіреудің бас жібіне оралып қалған бұзауын босатып жіберді, күнделікті жүретін сүрлеуіне құлаған тал-дарақтарды алып тастап жолды тазартып келеді. Түнде қатты жел тұрып, артынан жаңбыр жауған, соның әсері шілденің күнінде де ағаш арасы сап-салқын.
Бүгінде Ауыл станциясында небәрі 8 адам еңбек етуде. Жұмыс күші аз болғанымен жауапкершілік аса жоғары. Станция дәл шекара түбінде орын тепкендіктен де мұнда жүк пойыздары мен жолаушылар пойыздары аялдап, шекарашылардың тексеруінен өтеді. Транзиттік жылжымалы құрам белгіленген мерзімнен артық тоқтап тұрмауы тиіс. Көрші мемлекетке жөнелтілетін вагондар да қаңтарылмауы қажет. Оларды уақытында қабылдап, мерзімінде жөнелтудің станция басшысы ғана сезіне алатын өзіндік ауыртпашылығы бар. Бүгінде 4-ші класты станциядан тәулігіне 4 жұп жүк, 3 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Соның бәрін кестеге сай дер кезінде қарсы алып, шығарып салу, станция бастығынан бастап осы шағын ұжымның міндеті.
–Бүгінге дейін қозғалыс қауіпсіздігін бұзып немесе біздің кінәмізден пойыз кестеден кешіккен жағдай орын алған жоқ, көрсеткіштеріміз де жаман емес, халықтың жағдайы жаман емес, жуырда таза ауыз су жетіп, жергілікті тұрғындар үлкен қуанышқа кенелді. Станциядан басқа темір жол мекемелерін қосқанда халықтың еңбекке жарамды бөлігі бір ғасырдан бері ата кәсібімізге айналып кеткен темір жолмен тығыз байланысты, - дейді станция бастығы.
Шекара түбіндегі станциядан зейнетке шығуды мақсат тұтатын Досан Әміров шойын жол бойындағы алғашқы еңбек жолын 1971 жылы жол монтері болып маусымдық кезеңде жұмыс істеуден бастағанын есіне алды. Осында жүріп саланың қыр-сырына әбден қаныққан. Сосын Семейдегі теміржол училищесін бітіріп, кәсіби теміржолшы ретінде Суықбұлақ станциясында пойыз құрастырушы болады. Әйтседе, нағыз шыңдалу, өсу кезеңі Жарма жол дистанциясында еңбек еткен жылдары болыпты. 1980 жылы Ауыл станциясының бастығы болып тағайындалғалы бері айналасын қарағайлы орман қоршаған, туған ұясындай болып кеткен осы жерден табан аударған емес. Содан бергі аралықта бір адамның ғұмыры дерлік 36 жыл өткен екен. Зейнеткерліктің ауылына да бір-екі жыл қалды.
–«Ерінбеген етікші болады» дейді. Біздің жағдайымызда тек үзіліссіз адал еңбек қана абыройға жеткізеді. Қырағылық пен біліктілік – басты ұстанымымыз, теміржол саласының бұлжымас заңдылығы осы,- дейді қарамағындағыларға «Қауіпсіздік, қауіпсіздік және қауіпсіздік...» деп күніне қырық қайталаудан жалықпайтын ардагердің бұл сөзін жастар жағы әзіл-шыны аралас «қанатты сөзге» айналдырған. Бір қызығы сол,тоғыз ағайынды Әміровтердің тоғызы да теміржолшы болыпты. 150 жылдан астам еңбек өтілі бар Әміровтер династиясының төртінші буыны бүгінде қатарда екенін мақтанышпен жеткізді шекара күзеткен ауылдың станция бастығы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды