Бәсекеге бейім болат бұрыштар

Новости
23.01.2018, 12:37
2 мин чтения
Ақтөбе рельсарқалық зауытында Қазақстанда алғаш рет болат бұрыш өндіріле бастады. Өнім түрі құрылыс саласында кеңінен қолданыла бастады. Өз кезегінде аталған материал  сырттан келетін импортты ығыстыруға мүмкіндік бермек.   Ақтөбе рельсарқалық зауытының өндіріс жөніндегі директоры Иван Лысенконың айтуынша, болат бұрыш өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үй құрылыстарында пайдаланылады. Осыған дейін Қазақстан аумағында мұндай өнім өндірілмеген. Бұл жоба импорт айырбастауға септігін тигізеді, сонымен бірге, Ресей мен Орта Азия нарығына экспорттауға мүмкіндік береді.  Жаңа өнім ГОСТ талаптарына сай келеді, оның алғашқы партиясы Ресейге жөнелтіліп үлгерген.  Зауытта 120-лық құрылыс бұрыштарының 1,5 мың тоннасы өндірілген. Алдағы уақытта балкалар мен түрлі өлшемдегі швеллерлер шығарылмақ. Жалпы, Ақтөбе рельсарқалық зауытында 30-ға тарта профиль түрі, шамамен сонша фасонды өнім шығарылып келеді. Бүгінде Ақтөбе облысы өзін құрылыс материалдарымен толықтай қамтамасыз етіп отыр. 90 пайыз құрылыс өнімдері өңірде шығарылады. Артылғаны  көрші елдерге экспортталады. Жергілікті өнім арасында рельсарқалық зауытынан шыққан болат бұрыштардың алатын орны ерекше. Тұтынушылар зауытта өндірілген металл бұрыштар мен арматуралардың сапасы жоғары екенін растап отыр екен. Отандық өнім сырттан жеткізілетін болат бұрыштармен бәсекеге түсе алады. Тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Кәсіпорындар да, жеке адамдар да көптеп сатып алуда. Металл сынықтарын сатушылар да жергілікті өнімді ірі көлемде сатып алып жатыр екен.  Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экспорт әлеуеті  артып отыруының бір себебі  осы  рельсарқалық зауыты шығаратын өнімдердің Ресейге экспортталуы деп тұжырым жасауға болады. Жалпы, аймақ өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ нарығына 1 млрд долларға жуық тауар экспорттаған екен. Экспорт көлемінің 96 пайызы Ресейге жөнелтілген. Көрші елге металл, ферроқорытпа, сонымен бірге, жергілікті Ақтөбе рельсарқалық зауытында өндірілген өнімдер экспортталған.  Сонымен бірге, мұнай, мұнай өнімдері, хром және мыс рудалары да шығарылып жатыр. Мұның бәрі облыстың экспорттық әлеуетін арттырумен қатар Ақтөбе теміржолының тасымал көлемін де ұлғайтуға септігін тигізіп отыр.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе 

Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ