Бәсекеге бейім болат бұрыштар
Жаңалықтар
23.01.2018, 12:37
Ақтөбе рельсарқалық зауытында Қазақстанда алғаш рет болат бұрыш өндіріле бастады. Өнім түрі құрылыс саласында кеңінен қолданыла бастады. Өз кезегінде аталған материал сырттан келетін импортты ығыстыруға мүмкіндік бермек.
Ақтөбе рельсарқалық зауытының өндіріс жөніндегі директоры Иван Лысенконың айтуынша, болат бұрыш өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үй құрылыстарында пайдаланылады. Осыған дейін Қазақстан аумағында мұндай өнім өндірілмеген. Бұл жоба импорт айырбастауға септігін тигізеді, сонымен бірге, Ресей мен Орта Азия нарығына экспорттауға мүмкіндік береді.
Жаңа өнім ГОСТ талаптарына сай келеді, оның алғашқы партиясы Ресейге жөнелтіліп үлгерген. Зауытта 120-лық құрылыс бұрыштарының 1,5 мың тоннасы өндірілген. Алдағы уақытта балкалар мен түрлі өлшемдегі швеллерлер шығарылмақ. Жалпы, Ақтөбе рельсарқалық зауытында 30-ға тарта профиль түрі, шамамен сонша фасонды өнім шығарылып келеді.
Бүгінде Ақтөбе облысы өзін құрылыс материалдарымен толықтай қамтамасыз етіп отыр. 90 пайыз құрылыс өнімдері өңірде шығарылады. Артылғаны көрші елдерге экспортталады. Жергілікті өнім арасында рельсарқалық зауытынан шыққан болат бұрыштардың алатын орны ерекше. Тұтынушылар зауытта өндірілген металл бұрыштар мен арматуралардың сапасы жоғары екенін растап отыр екен.
Отандық өнім сырттан жеткізілетін болат бұрыштармен бәсекеге түсе алады. Тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Кәсіпорындар да, жеке адамдар да көптеп сатып алуда. Металл сынықтарын сатушылар да жергілікті өнімді ірі көлемде сатып алып жатыр екен.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экспорт әлеуеті артып отыруының бір себебі осы рельсарқалық зауыты шығаратын өнімдердің Ресейге экспортталуы деп тұжырым жасауға болады. Жалпы, аймақ өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ нарығына 1 млрд долларға жуық тауар экспорттаған екен. Экспорт көлемінің 96 пайызы Ресейге жөнелтілген. Көрші елге металл, ферроқорытпа, сонымен бірге, жергілікті Ақтөбе рельсарқалық зауытында өндірілген өнімдер экспортталған. Сонымен бірге, мұнай, мұнай өнімдері, хром және мыс рудалары да шығарылып жатыр. Мұның бәрі облыстың экспорттық әлеуетін арттырумен қатар Ақтөбе теміржолының тасымал көлемін де ұлғайтуға септігін тигізіп отыр.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл