Қозғалыс сенімді қолда

Новости
23.01.2018, 12:49
2 мин чтения
Састөбе станциясының тәжірибелі станция кезекшісі Мәмбет Құлыбаевтың шеберлігі жайлы  «маневрды ұйымдастыруы –  шахмат ойынындай» деген  сөз бар.  Мақтаулы маманды жұмыс орнына іздеп келіп таныстық.  Әдеттегідей пойыздарды қабылдап-жөнелтіп,  маневр жұмыстарын жүргізіп отырған  теміржолшы станциядағы бүкіл қозғалысты, бейнелеп айтсақ уысында ұстап отыр деуге болады. Таблодан көз айырмай, телефон мен рациясына кезек жауап беріп, маневрлік қозғалысты бақылап отырып,  керек кезде сигналды уақытылы ашып, сол мезетте әріптестеріне тапсырма беріп үлгеруде...  Сырттай бақылағанға, бір адамның  бекеттегі бүкіл жұмысты ұршықша үйіріп отырғаны таң қалаларлық дүние.  Станция кезекшілерін «қозғалыс командирі» деп бекер айтпайтыны тағы еске түседі. Кейде жолшылар күрделі жөндеу кезінде толаскез алып, сағаттап жолды жабуға мәжбүр болатыны бар. Сонда 4-5 сағат бойы пойыздарды бір жолмен жіберіп, жолшылардың кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын осы –  станция  кезекшілері. Құрамның ұзындығы мен келетін уақытын, кестесін біліп, бірінен соң екіншісіне жолды ашып отыру керек. Арасында локомотивтің ары-бері вагондарды жылжытуын да ұйымдастырады. Сондай-ақ, Састөбедегі цемент, әк шығаратын зауытқа келетін-кететін жүктің бәрін бағыттап, жөнелтіп отырады. ­ – Алдымда тұрған станция кезекшісінің таблосы 1972 жылы қойылған екен. Бірақ уақыт талабына сай  қазіргі басқару жүйесіне негізделіп, жаңартылып, өзгертіліп келеді. 1980 жылдары бұл жерде төрт вагон қараушы екі жақтан вагон дөңгелегін бақылап тұратын. Қазір арғы жағынан бір вагон қараушы, бергі жағына станция кезекшісі қарап шығарып салады. Бүгінде станция кезекшісінің қасындағы көмекші операторы қысқартылған соң, оның  міндеті де станция кезекшісіне жүктелді. Заманға сай шығар, дегенмен теміржолдағы жүйе өзгермегендіктен, ол да жүйкеге артық салмақ түсіріп, тез шаршауыңа әсер етеді,  – дейді Мәмбет Салыбекұлы. Теміржол саласына 1976 жылы келген ол әу баста еңбек жолын жол монтері болып бастапты. 1979 жылы әскерден келген соң пойыз құрастырушының көмекшісі болып жұмысқа кіріседі. Ал, станция кезекшісі болып 1981 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қырық бір жылдық еңбек өтілі бар маман жастарға не атқарса да, алдымен түсініп алуын ескертеді. Өйткені, түсінбеген жұмыстан бір шикілік шығатынын айтады. 

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ